2020 жылдың соңына дейін қазақстандық дәрігерлерге 807 жаңа жедел жәрдем машиналарын жеткізеді.

Еліміздің санитарлық көлік паркі 70%-ға ескіріп қалды, жаңартуды талап етеді. Әсіресе медицина қызметкерлері COVID-19 күрделі эпидемиологиялық жағдайда жаңа заманауи жылжымалы құрамның қатты жетіспеушілігін сезінуде.

Қазақстанда санитарлық көлікті жаңарту бағдарламасының аясында ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің 15 өңірінің медициналық ұйымдарына 807 жедел жәрдем машинасын, 11 жылжымалы медициналық кешенін және COVID-19 тесттерін өткізу үшін 8 мобильді лабораториялық кешенін жеткізеді.

«Медицина қызметкерлердің жұмысындағы айтарлықтай рөлді материалдық-техникалық ресурстар атқарады. Бұл дәрігерлер халыққа білікті медициналық жәрдемді көрсету үшін бар күштерін салған және күрделі жағдайларда жұмыс істеп жатқан кезінде пандемия жағдайларында аса маңызды болып табылады. Жаңа санитарлық көлік заманауи жабдықтармен жабдықталған, бұл медициналық жәрдемнің тиімділігін арттыруға практикалық мүмкіндікті береді», – деп атап өтті «ҚДБ Лизинг» Басқарма Төрағасы Нұрлан Байбазаров.

2019 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері «ҚДБ-Лизинг» лизингтік қаржыландыру механизмінің есебінен санитарлық көлікті жаңарту бойынша жол картасын бекіткенін естеріңізге саламыз.

Жол картасына сай, облыстық әкімдіктер, республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық басқармалары үшін шарттар – лизинг мерзімі 7 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі 7%, аванстық төлем қарастырылмаған, жеңілдік кезеңі 12 айға дейін. Осы мақсаттарда 31,8 млрд теңге көлемінде қаржыландыру ұйымдастырылды. Машиналардың жеткізушілері – отандық өндірушілер «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «СемАз» ЖШС, Hyundai Trans Auto ЖШС.

«Біздің мақсатымыз – барынша жылдам жеткізілімдерді бастау, осы бағдарлама әлеуметтік ықпалына ие, бұл тек жұмыс орындарын сақтап және отандық автомобиль өнеркәсібін қолдау ғана емес, сонымен бірге қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруына бағытталған шаралар да», – деп Қазақстандық АвтоБизнес қауымдастығында ерекше айтып өтті.