«Астана Моторс» ҚМК құрамындағы Hyundai Trans Auto автоқұрастыру кәсіпорны Алматыда өткен «Қазақстанның үздік тауары – 2015» көрме жарысында «Өндірістік белгілеуіндегі үздік тауарлар» номинациясында жеңіп шықты.

«Астана Моторс» ҚМК атқарушы директоры Антон Афонин Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаеваның қолынан жүлдені алды.

Биыл Алматыда 6-7 тамызда өтетін «Қазақстанның үздік тауары» жыл сайынғы өңірлік көрме жарысында түрлі саладағы 100 компаниядан астамы қатысты. Жеңіс үшін күрес өте байсалды болды. «Өндірістік белгілеуіндегі үздік тауарлар» номинациясында бірінші орын үшін 44 компания күресті. Нәтижесінде «Астана Моторс» құрамындағы Hyundai Trans Auto автоқұрастыру кәсіпорны жеңіске жетті.

Алматы қаласында 2011 жылы ашылған Hyundai Trans Auto кәсіпорны Қазақстанда шығарылған Hyundai 1 тоннадан бастап 25 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктерінің және өзі аударғыштарының, автобустарының, микроавтобустарының, фургондарының, арнайы және коммуналдық техникасының кең ауқымын ұсынады. Hyundai кореялық маркалы заманауи техникасы сапалы, сенімді, ұзақ және қызмет көрсетуінде қарапайым деп танытты.

Отандық автоөндірушілерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының аясында Hyundai Trans Auto 3% атаулы мөлшерлемесімен Hyundai коммерциялық техникасын лизингке сатып алуға заңды тұлғалардан және жеке кәсіпкерлерден өтінімдерді қабылдайды.

Hyundai Trans Auto автоқұрастыру зауыты, мекенжайы: Алматы қ., Бұқтарма көш., 70, тел.: +7 (727) 225 45 22, 321-09-51.