23 мамыр күні Алматы қаласында ҚР Hyundai коммерциялық техникасының дистрибьюторы Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясы «Конфедерациялар кубогы 2017 финалдық матчына сапарды ұтып ал» науқанының қорытындыларын жасады.

«Конфедерациялар Кубогы 2017» әлемдік демеушілігінің аясында Hyundai науқанында Hyundai коммерциялық техникасын сатып алған әрбір клиент Конфедерациялар Кубогының матчына сапарлардың және билеттердің лотереялық ұтыс ойнының қатысушысы болды және 2017 жылдың 1 ақпан мен 30 сәуір аралығында өтті.

Жеңімпаздар сатып алушылар науқан кезеңінде толтырған және тәуелсіз қазылар тіркеген лотереялық билеттерді кездейсоқ таңдау әдісімен анықталды. Ұтыс ойнының күні тәуелсіз қазылар ретінде БАҚ өкілдері және блогерлер шақырылды.

Конфедерациялар Кубогының финалдық матчына сапардың ұтыс ойнының қорытындылары бойынша “Компания Фудмастер-Трейд” ЖШС:

  • Туманов С.А. ЖК
  • «Atyrau Service Plus»
  • «Мастер Фонд» ЖШС компанияларының өкілдері ұтып алды.

«Конфедерациялар кубогы 2017 финалдық матчына сапарды ұтып ал» іс-шарасының аясында Hyundai дилерлік орталықтарының қызметкерлері арасында конкурс өтті. Ең үздік сату менеджерлері және белсенді маркетологтар спортпен шұғылдану үшін тауарларды сатып алуға сыйлық сертификаттарын алды.

Конфедерациялар Кубогы 2017 – бұл FIFA аясында өткізілетін ұлттық құрамалардың арасынан сегізінші футболдық жарыс. 2017 жылы Конфедерациялар Кубогында сегіз футбол құрамалары қатысатын болады, олардың арасында қазіргі футбол бойынша әлем чемпиондары – Ресей құрамасы, және 6 континентте чемпион болған алты елдің құрамалары. Матчтар Санкт-Петербург қ. 2017 жылдың 17 маусымынан бастап 2 шілдесіне дейін өтетін болады.

Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясының 2005 жылдың тамыз айында негізі қаланды және ол «Астана Моторс» ҚМК құрамына кіреді. Компания Hyundai маркалы коммерциялық техникасын (жүк көліктер, автобустар, арнайы техника) сатуымен айналысады және ҚР аумағында HMC кореялық компаниясының ресми дистрибьюторы болып табылады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!