Осында Қазақстанда өндірілген тауарлардың ең үздік үлгілері ұсынылды: жеңіл және тамақ өнеркәсібінің бұйымдары, жұмсақ жиһаз, көлік құралдары, өнеркәсіптік жабдықтар.

Биыл қатысуға қаланың 83 компаниялары өтінім берді. Көрменің жыл сайынғы қатысушылары арасында «Hyundai Trans Auto» ЖШС автоқұрастыру кәсіпорны болды. Конкурсқа зауыт County автобусын және HD78 базасындағы бөтелке тасушыны қойды.

«Астана Моторс» ҚМК құрамындағы «Hyundai Trans Auto» автоқұрастыру кәсіпорнының 2015 жылы Алматыдағы «Қазақстанның ең үздік тауары» көрме конкурсындағы «Ең үздік өндірістік белгілеуіндегі тауарлар» номинациясындағы бір марапаты бар.

Конкурстың негізгі мақсаты – өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын сапа мәселелерін шешу қажеттілігіне аудару, сонымен бірге сапа идеясын халықтың арасында дәріптеу.

Ендігі мақсат – ағымдағы жылдың желтоқсан айында өтетін «Алтын сапа» атты Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын іздену конкурсына қатысу және онда жеңіске жету болып табылады.

Қазақстанның Алматы қаласында 2011 жылы ашылған Hyundai Trans Auto кәсіпорны Қазақстанда өндірілген Hyundai 1 тоннадан бастап 25 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктер мен өзі аударғыштардың, автобустардың, микроавтобустардың, фургондардың, арнайы және коммуналдық техниканың кең ауқымын ұсынады. Hyundai кореялық маркалы заманауи техникасы өзін сапалы, сенімді, ұзақ және қызмет көрсетуінде қарапайым деп танытты.

Hyundai Trans Auto автоқұрастыру зауыты, мекенжайы: Қазақстан, Алматы қ., Бұқтарма көш., 70, тел.: +7 (727) 225 45 22, 321-09-51