2013 жылдың 12 қарашасында Ақтау қ. «Ойл Транспорт Корпорэйшн» компаниясына Ақтау қ. кен орнына компанияның вахталық қызметкерлерін тасымалдау үшін арналған 20 Hyundai Universe автобустарынан кілттер табысталды.

«Ойл Транспорт Корпорэйшн» ЖШС – бұл жүктер мен жолаушылардың тасымалымен, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы кен орындардың көліктік-технологиялық қызмет көрсетуімен айналысатын сәтті дамып келе жатқан көліктік компания. Компания осы өңірде өзінің қызметін 40 жылдан астам көрсетіп келеді және автомобильдік тасымалдау саласында сенімді серіктес ретінде саналады.

Біздің автобустарымыздың сенімділігі, қауіпсіздігі және қолданудағы қарапайымдылығы «Ойл Транспорт Корпорэйшн» компаниясына өзінің таңдауын туристтік мақсатта да, корпоративтік мақсатта да қолдану үшін тамаша сәйкес келетін Hyundai Universe көліктеріне тоқтатуға көмектесті. Hyundai Universe өзінің бұрынғы нұсқаларынан одан сайын заманауи дизайнымен және жақтаусыз құрылымымен ерекше болады, сондай-ақ вибрациялардың деңгейін төмендетіп, бүкіл автобустың басқарылуына өте жағымды ықпал етеді. Салонның биіктігі және ені жолаушылар үшін жақсы шолумен қамтамасыз етеді. Hyundai Universe автобусында 43 жолаушы үшін тамаша жабдықталған орындар қарастырылған. Жолаушылар отырғыштар формасы мойын мен белді жақсы ұстап тұру үшін арнайы орындалды. Желдету жүйесі әрбір жолаушы орнына жеткізілді. Мырышталған едені бар жүк бөлігіне 6,5 текше метр көлемді жүкті сыйғызады. Жүргізушінің отырғышы пневматикалық аспамен жабдықталды және аспаптардың ойланып істелінген орналасуымен және үлкен ішкі кеңістікпен ерекшеленеді. Жетілдірілген эргономика, артылған ыңғайлылық, кез келген жол мен ауа райы жағдайларында қолдануға бейімділік – бұл жолаушылардың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі үшін арналған Hyundai Universe автобустар артықшылықтарының толық емес тізімі.