Астана. 17 қазан. Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда шығарылған 14 жаңа реанимобильді «Апаттар медицина орталығы» мемлекеттік мекемесіне табыстады.

Реанимобильдер «Саламатты Қазақстан 2011-2015 жылдар» денсаулық сақтауды дамытуының мемлекеттік бағдарламасын және Трассалық медициналық құтқару пункттері «Апаттар медицина орталығы» ММ бірлесіп әзірленген ҚР ТЖМ жобасын іске асыру бағдарламасының аясында табысталады.

Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінің трассалық медициналық құтқару пункттері Қазақстанда шығарылған жаңа реанимобильдерімен жабдықтауын қарастырады. Табысталатын мамандандырылған көлік құралдары жол-көлік оқиғасы немесе төтенше жағдай кезінде шұғыл жауап беру үшін қауіпті жол учаскелерде және республикалық трассаларда қолданылатын болады.

Реанимобильдер ТЖМ арнайы тапсырыс бойынша «Астана Моторс» ҚМК автоқұрастыру кәсіпорнында Hyundai County автобусының базасында өндіріледі. Стандартты жедел жәрдем машиналарына қарағанда, шұғыл жауап беру үшін жаңа реанимобильдер 5 артық жарақат алғандарды бір уақытта эвакуациялауға мүмкіндік береді. Ұзындығы 7,5 метр реанимобильдің биік төбесі бар, бұл медициналық қызметкерлерге реанимациялық іс-шараларды өткізген кезінде жұмысты жеңілдете түседі.

«Машиналар америкалық және еуропалық өндірілген ең заманауи медициналық және құтқару жабдықтарымен, автономдық тіршілік қамтамасыз ету үшін арнайы техникасымен, яғни генераторлық станциялармен, компьютерлермен, GPS, жерсеріктік телефониямен жабдықталған. Бұдан басқа, тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша реанимобильдің стандартты жиһазын түзетіп, зембілді жүктеуді ыңғайландыру үшін артқы есіктерді қосты. Барлық автомобильдерге өндірушінің 2 жылға немесе 50 000 км жүріске кепілдік ұсынылады», — «Астана Моторс» ҚМК өкілі Шалқар Нұртілеуов түсіндірді.

ТЖМ талаптары бойынша стандартты автобусты қайта жасау мен оны реанимобиль үшін конверсиялау үшін шыққан еңбек шығындарының арқасында реанимобильдерді өндірген кезінде қазақстандық қамтуының үлесі 51% құрды.

2012 жылы ҚР ТЖМ 6 реанимобиль, 2013 жылы 14 реанимобиль сатып алды. Келесі жылы арнайы техниканың 14 ұқсас бірлігінен кем емесін сатып алуы жоспарланып отыр. Осы жобаның аясында Hyundai County модельді реанимобильдердің, жалпы алғанда, 48 бірлігін сатып алу жоспарлануда.