2017 жылдың 28 және 30 мамыр аралығында Сеул қаласында Hyundai Truck & Bus Mega Fair коммерциялық техникасының ең ірі көрмесі өтті. Онда бүкіл дүние жүзінен Hyundai дистрибьюторлары, серіктестер және клиенттер шақырылды. Қазақстаннан делегация 3 адамның құрамында келді – дистрибьютордың өкілдері (Hyundai Com Trans Kazakhstan) және брендтің клиенттері («Здоровая еда» ЖШС және «KZF Service» ЖШС).

Іс-шараның аясында Hyundai Motor Company брендтің коммерциялық жүк көліктерінің және автобустарының бүкіл модельдер қатарын, олардың базасындағы түрлі арнайы техниканы, сондай-ақ оларға арналған арнайы жабдықтарды ұсынды. Күш агрегаттардың көкейкесті тізбегі де таныстырылды.

Elec City алғашқы сериялық электр автобусының таныстырылымы өтті, оның ресми іске қосылуы тек 2018 жылы болады.

HMC коммерциялық көліктің саласындағы болашақ технологияларының өзінің көрінісін және қауіпсіздік функциялары бар және баламалы отын түріндегі коммерциялық техниканы әзірлеудегі позицияларын нығайтуын таныстырды. Экологиялық жүк техникасының көрінісі және даму келешектері көрсетілді. Брендтің негізгі тапсырмаларының бірі – қоршаған ортаны сақтауға бейімделген автобустарды және ауыр жүк автомобильдерін әзірлеу. Осымен бірге, Hyundai Motor Company өзін қауіпсіздік технологиялары саласындағы көшбасшы ретінде жайғастырады.

«Hyundai Truck & Bus Mega Fair» — бұл Hyundai брендінің коммерциялық автомобильдер саласындағы бәсекеге қабілеттілігін және келешектерін ұсынуға мінсіз мүмкіншілігі», — деді Hyundai Motor Company вице-президенті, коммерциялық автомобильдер бөлімінің басшысы Йю мырза. «Біз осы көрмеден кейін Hyundai коммерциялық көлігінің жаңа кезеңі басталады деп нық сенеміз».

Hyundai Motor Company өзінің коммерциялық автомобильдерінің отындық тиімділігін 2015 жылмен салыстырғанда 30%-ға дейін 2020 жылға қарай ұлғайтуға жоспарлап отыр, себебі компания қоршаған ортаны болашақ ұрпақтарға қалдыру үшін оны сақтаудың қамын ойлайды. Осы мақсатқа жету үшін Hyundai ұзақ магистралдік тасымалдау саласындағы өзінің ғылыми-зерттеу мүмкіншіліктерін кеңейтуге, сондай-ақ клиенттердің түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін коммерциялық көліктің өз модельдерінің әрқайсысын оңтайландыруға жоспарлап отыр.

Коммерциялық автомобильдер үшін зияткерлік қауіпсіздік технологияларын дамыту мақсатында HMC өзінің автомобильдерін және автобустарын автономдық апаттық тежеу (AEB) және круиз-бақылау (SCC) сияқты қауіпсіздік функцияларымен жабдықтады. Осы зияткерлік функцияларды енгізу жақын жылдарда коммерциялық автомобильдердің бүкіл желісіне қатысты болады. Hyundai тіркемесі бар ұзақ магистралдық тартқыштардың ең ірі тест драйвын өткізуді келесі жылы жоспарлап отыр.

Hyundai Motor Company 1999 жылдан бастап баламалы отынмен жүретін коммерциялық автомобильдерін әзірлеудегі, гибридтік, электр және отындық қозғалтқыштар саласындағы ғылыми зерттеулердегі бай тарихына ие. Осының бәрі 2013 жылы Blue City жаңашыл автобусының өндіруіне әкелді, осы автобус сығылған табиғат газбен жүретін әлемдегі алғашқы гибридтік автобус болды.

Осылайша, Hyundai Motor Company өткізетін «Truck&Bus Mega Fair» коммерциялық көліктің бизнесін дамыту үшін көп мүмкіншіліктерді көрсетті.