Көрме: «Қазақстанның ең үздік тауары»

Осында Қазақстанда өндірілген тауарлардың ең үздік үлгілері ұсынылды: жеңіл және тамақ өнеркәсібінің бұйымдары, жұмсақ жиһаз, көлік құралдары, өнеркәсіптік жабдықтар.

Биыл қатысуға қаланың 83 компаниялары өтінім берді. Көрменің жыл сайынғы қатысушылары арасында «Hyundai Trans Auto» ЖШС автоқұрастыру кәсіпорны болды. Конкурсқа зауыт County автобусын және HD78 базасындағы бөтелке тасушыны қойды.

«Астана Моторс» ҚМК құрамындағы «Hyundai Trans Auto» автоқұрастыру кәсіпорнының 2015 жылы Алматыдағы «Қазақстанның ең үздік тауары» көрме конкурсындағы «Ең үздік өндірістік белгілеуіндегі тауарлар» номинациясындағы бір марапаты бар.

Конкурстың негізгі мақсаты – өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын сапа мәселелерін шешу қажеттілігіне аудару, сонымен бірге сапа идеясын халықтың арасында дәріптеу.

Ендігі мақсат – ағымдағы жылдың желтоқсан айында өтетін «Алтын сапа» атты Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын іздену конкурсына қатысу және онда жеңіске жету болып табылады.

Қазақстанның Алматы қаласында 2011 жылы ашылған Hyundai Trans Auto кәсіпорны Қазақстанда өндірілген Hyundai 1 тоннадан бастап 25 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктер мен өзі аударғыштардың, автобустардың, микроавтобустардың, фургондардың, арнайы және коммуналдық техниканың кең ауқымын ұсынады. Hyundai кореялық маркалы заманауи техникасы өзін сапалы, сенімді, ұзақ және қызмет көрсетуінде қарапайым деп танытты.

Hyundai Trans Auto автоқұрастыру зауыты, мекенжайы: Қазақстан, Алматы қ., Бұқтарма көш., 70, тел.: +7 (727) 225 45 22, 321-09-51


БИЗНЕС ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫ ТАҢДАЙДЫ

Қазақстандық өндірушілер техникалық парктерін жаңарта отырып, отандық арнайы техниканы таңдайды.

Қазақстандағы балмұздақ пен пакеттегі сүттің ең ірі өндірушісі «Шин-Лайн» балмұздақты тасымалдау үшін HD 78 модельді жаңа эвтектикалық фургондармен автопаркін толықтырды. Жалпы, лизингтік қаржыландыру бағдарламасы бойынша Hyundai Trans Auto кәсіпорны компанияға тапсырылған 12 автомобильді өндірді. Бағдарламаның операторы – «ҚДБ-Лизинг».
HD 78 – сенімді, мықты қозғалтқышы бар, жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейін уақытпен сыналған, маневрлі, қолданыста ыңғайлы модель. Эвтектикалық рефрижераторлық фургонның басты артықшылығы – жұмыстағы және қызмет көрсетудегі үнемділік. Суық аккумуляторлары 220v желісінен қуат алады. Аккумуляторлар жеткілікті түрде тоңазытылып болғаннан кейін, фургон секцияларының ішіндегі температура негізгі тоңазыту қондырғысын қоспай-ақ ұзақ уақыт бойы тұрақты болып қалады. Фургонның әрбір секциясында 0° бастап – 35°С дейін температура ұстап тұрылады. Жалпы, 9 жыл жұмыс барысында зауыт шамамен HD 78 автомобильдерін шығарды және оларды еліміздің түрлі өңірлеріндегі кәсіпорындар табысты қолданып келеді.

Анықтама:
Hyundai Trans Auto компаниясының негізін «Астана Моторс» Алматы қаласында 2011 жылы қалады. Кәсіпорын халықаралық сапа стандарттарына сәйкес автокөліктің кең тізбегінің өндірісімен айналысады – Hyundai County жолаушы автобустары; Hyundai шассиінің базасындағы жүк көтергіштігі 1,5 тоннадан бастап 15 тоннаға дейін автомобильдер (бортты жүк көлігі, изометриялық және өнеркәсіп тауарлық фургондар, рефрижераторлар); өзі түсіргіштер; Hyundai H350-Ambulance модельді «жедел жәрдем» автомобильдері. 2016 жылдан бастап Hyundai Trans Auto – Қазақстандағы МАЗ маркасының ресми дилері; 2019 жылдан бастап Golden Dragon маркалы жолаушы автобустарын өндіретін және сататын ресми дистрибьютор.


ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ

2020 жылдың соңына дейін қазақстандық дәрігерлерге 807 жаңа жедел жәрдем машиналарын жеткізеді.

Еліміздің санитарлық көлік паркі 70%-ға ескіріп қалды, жаңартуды талап етеді. Әсіресе медицина қызметкерлері COVID-19 күрделі эпидемиологиялық жағдайда жаңа заманауи жылжымалы құрамның қатты жетіспеушілігін сезінуде.

Қазақстанда санитарлық көлікті жаңарту бағдарламасының аясында ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің 15 өңірінің медициналық ұйымдарына 807 жедел жәрдем машинасын, 11 жылжымалы медициналық кешенін және COVID-19 тесттерін өткізу үшін 8 мобильді лабораториялық кешенін жеткізеді.

«Медицина қызметкерлердің жұмысындағы айтарлықтай рөлді материалдық-техникалық ресурстар атқарады. Бұл дәрігерлер халыққа білікті медициналық жәрдемді көрсету үшін бар күштерін салған және күрделі жағдайларда жұмыс істеп жатқан кезінде пандемия жағдайларында аса маңызды болып табылады. Жаңа санитарлық көлік заманауи жабдықтармен жабдықталған, бұл медициналық жәрдемнің тиімділігін арттыруға практикалық мүмкіндікті береді», – деп атап өтті «ҚДБ Лизинг» Басқарма Төрағасы Нұрлан Байбазаров.

2019 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері «ҚДБ-Лизинг» лизингтік қаржыландыру механизмінің есебінен санитарлық көлікті жаңарту бойынша жол картасын бекіткенін естеріңізге саламыз.

Жол картасына сай, облыстық әкімдіктер, республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық басқармалары үшін шарттар – лизинг мерзімі 7 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі 7%, аванстық төлем қарастырылмаған, жеңілдік кезеңі 12 айға дейін. Осы мақсаттарда 31,8 млрд теңге көлемінде қаржыландыру ұйымдастырылды. Машиналардың жеткізушілері – отандық өндірушілер «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «СемАз» ЖШС, Hyundai Trans Auto ЖШС.

«Біздің мақсатымыз – барынша жылдам жеткізілімдерді бастау, осы бағдарлама әлеуметтік ықпалына ие, бұл тек жұмыс орындарын сақтап және отандық автомобиль өнеркәсібін қолдау ғана емес, сонымен бірге қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруына бағытталған шаралар да», – деп Қазақстандық АвтоБизнес қауымдастығында ерекше айтып өтті.


ШЫМКЕНТКЕ 100 ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ МАШИНАЛАРЫ КЕЛДІ

ШЫМКЕНТКЕ 100 ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ МАШИНАЛАРЫ КЕЛДІ

Ірі қазақстандық мегаполис үшін мемлекеттік-жеке серіктестіктің жобасы бойынша «Астана-Моторс» компаниясы Шымкентке Қазақстанда шығарылған Hyundai H350 Ambulance маркалы 100 жаңа автокөлік жеткізді.Read more


АСТАНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН

АСТАНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН

Астаналық жедел жәрдем автопаркі 52 машинамен толықтырылады, желіге олардың 20-сы шығып үлгерді, қосымша жылдың соңына дейін тағы 32 автомобиль жеткізілетін болады. Барлық автомобильдер – «Астана Моторс» компаниясының автоқұрастыру кәсіпорнының отандық өндірісі. Автомобильдердің кілттерін тарту ету салтанатты рәсімінде астана әкімі Алтай Күлгінов қатысты.Read more


Шымкенттің жедел жәрдем қызметі жаңа Hyundai H350 толықтырылады

Shymkent Development 2018 халықаралық инвестициялық форумы саясаткерлерді, әлемдік және отандық бизнестің көшбасшыларын, ірі корпорациялар мен қаржылық институттардың басшыларын біріктірді.

Мемлекеттік-жеке серіктестіктің аясында біз қалалық жедел жәрдем қызметінің автопаркін жаңарту жобасы бойынша үш жақты меморандумға қол қойдық. 2019 жылдың тамыз айының соңына дейін компания Шымкент қ. жедел жәрдем қызметі үшін жаңа Hyundai H350 103 бірлігін жеткізеді.

Қазақстанда жиналған HYUNDAI H350 – Ambulance моделі – бұл қолайлы және қауіпсіз автомобиль. HYUNDAI H350 кластастарының арасында көшбасшылық сатыға шығаратын техникалық сипаттамаларға ие. H350 моделін әзірлеу барысында инженерлер қауіпсіздік және сенімділік сияқты негізгі салаларда зейіндерін қойды.

Пациенттерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікке басты зейін қойылды, бұл Жедел медициналық жәрдемнің жұмысы кезінде маңызды фактор болып табылады. HYUNDAI H350 – Ambulance ыңғайлы автомобилі дәрігерлік бригаданың күшімен емдеу іс-шараларын өткізу үшін, сонымен бірге пациентті аурухана дәрігерлерінің қолына бергенге дейін оның күйін қадағалау үшін арналған. Жолда жедел жәрдемді көрсеткен кезінде қажетті осы барлық алғышарттар адамдардың госпитализацияға дейінгі өлім-жітімін азайтуға бағытталған.

HYUNDAI Н350 – Ambulance – адамдарды ауруханаға тасымалдау үшін арналған жай ғана автомобиль емес, бұл, ең алдымен, қауіпсіздік, жайлылық және сапа. Осы модель Қазақстанда құрастырылады.


«Астана Моторс» Алматыға 28 жаңа жедел жәрдем машиналарын жеткізді

[vc_custom_heading«Астана Моторс» Алматыға 28 жаңа жедел жәрдем машиналарын жеткізді[/vc_custom_heading]

Жедел медициналық жәрдем қызметінің автомобиль паркі «Астана Моторс» компаниясының автоқұрастыру кәсіпорнында өндірілген жаңа Hyundai реанимобильдерімен толықтырылды.

Кілттерді тапсыру рәсіміне Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Hyundai H 350 Ambulance моделі пациенттерді ыңғайлы әрі қауіпсіз жеткізеді. Оның екі жағынан сырғымалы есіктері бар, ыңғайлы жобаланған салоны бар, барлық қажетті жабдықтармен және ауа баптағышымен жабдықталған. Барлық машиналар Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген стандартқа сәйкес келеді және заманауи жабдықтармен жабдықталған: дефибрилляторлар, электрокардиографтар, өкпені жасанды желдету аппараттары, оттегі баллондары. Hyundai H350 құрастырған кезінде қазақстандық қамту үлесі 33 пайызға жетеді, соның ішінде базалық модельді заманауи арнайы жабдықтаумен жабдықтаудың арқасында.

«Медициналық қызметтердің техникалық жаңартуы жалғасатын болады. Соның ішінде жедел жәрдем бригадаларының да. Біздің мақсатымыз – жедел жәрдем дәрігерлері «алтын сағат» ережесін сақтай алу және уақытылы шұғыл жәрдемді көрсете алу үшін барлық жағдайларды жасау», – деді Сағынтаев.

Hyundai H 350 Ambulance бәсекелестердің алдындағы артықшылықтары – жоғары сапа, қолданыстағы сенімділік және төзімділік болып табылады.

Автомобильдерге өндірушінің кепілдігі ұсынылады – 3 жыл немесе 150 000 километр жүріс – қарқынды қолдану барысында жоғары сапалы сервистік қолдау аса маңызды.

Hyundai Com Trans Kazakhstan коммерциялық техникасының дистрибьюторы («Астана Моторс» еншілес компаниясы) ҚР Денсаулық сақтау және Төтенше жағдай министрліктерін Қазақстанда шығарылған заманауи жедел жәрдем автомобильдерімен және реанимобильдерімен қамтамасыз етіп отырғаны бірінші рет емес.

Осылайша, 2012 жылы ТЖМ Hyundai County автобусының базасында арнайы тапсырыс бойынша дайындалған 6 реанимобильді жеткізді, 2013 жылы – 14 осындай реанимобиль, ал 2014 жылы – Hyundai H1 базасында 40 бірлік реанимобиль. Ағымдағы 2019 жылдың соңына дейін компания Нұр-Сұлтандағы жедел жәрдем ауруханасы үшін тағы 52 жедел жәрдем машиналарын, сондай-ақ Шымкенттегі жедел жәрдем ауруханасы үшін 100 автомобиль жеткізетін болады.


Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясы Futuroad Expo Astana көрмесіне қатысуда

Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясы Futuroad Expo Astana көрмесіне қатысуда

Бүгін астанамызда Futuroad Expo Astana атты Орталық Азиядағы коммерциялық көліктер мен жол-құрылыс техникасының көрмесінің ашылуы өтті.

«Астана Моторс» ҚМК құрамына кіретін Hyundai Com Trans Kazakhstan коммерциялық техникасының дистрибьюторы үш күндік көрмеге қатысуда.

Futuroad Expo Astana – бұл Орталық Азиядағы коммерциялық көліктер мен жол-құрылыс техникасының халықаралық көрмесі, ол Қазақстандағы коммерциялық көліктің және жол құрылысы дамуының маңыздылығын көрсетеді. Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясы таныстырылым алаңында Hyundai QT ЕХ 8 және HD 35L модельдерін ұсынады.

Коммерциялық техниканың жаңа моделі, атап айтқанда, Hyundai QT EX8 аз тонналы жүк көлігі (пайдалы жүк көтергіштігі – 5 тонна) бизнестегі сенімді құрал бола алады. Заманауи құрылым, жаңа дизайн брендтің инновациялар мен сапаға өзінің қатынасын көрсетеді. Жүк көлік Еуро-5 экологиялық нормасына сәйкес келетін заманауи дизельдік қозғалтқышпен жабдықталған және 5-сатылы механикалық беріліс ауыстыру қорабымен бірлесіп жұмыс істейді. Жүк тасымалдауларға арналған Hyundai QT EX8 артқы осі күшейтілген және автомобильдің бағдарлық тұрақтылығы жетілдірілген.

HD 35L – жеңіл автомобильдің оңтайлылығы мен ыңғайлылығына ие коммерциялық жүк көлік. Стильді дизайн, ыңғайлы басқару, отын сапасына талғамаушылық – осының бәрі HD35L. Осы моделдің ең жоғарғы сенімділігін ерекше атап өту қажет – тиісті күтімді көрген жағдайда ол көптеген жылдар бойы қызмет етеді. Hyundai HD35L қалалық тасымалдауларға арналған.

Көрменің арқасында іс-шараның шетел және отандық қатысушылары мен қонақтары коммерциялық көлік нарығының және іргелес кәсіпорындардың даму беталыстарымен таныса алады, өзекті сұрақтарды талқылай алады, сондай-ақ жаңа іскерлік серіктестерді таба алады.


ЖАҢА HYUNDAI EX8 ТАНЫСТЫРУ

«Астана Моторс» ҚМК құрамындағы Hyundai Com Trans Kazakhstan коммерциялық техниканың дистрибьюторы жаңа Hyundai EX8 жүк көлігін ұсынды.

Hyundai EX8 таныстырылымы Астана Моторс автоқұрастыру кәсіпорнының аумағында өтті. Іс-шара Hyundai Motor Company компаниясының корпоративтік сату департаментінің өкілдерінің, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің, автоблогерлердің және компания клиенттерінің қатысуымен өтті.

Hyundai EX8 коммерциялық техниканың жаңа моделі – аз тонналық жүк көлік (пайдалы жүк көтергіштігі – 5 тонна) бизнестегі сенімді құрал бола алады. Заманауи құрылым, жаңа дизайн брендтің инновациялар мен сапаға өзінің қатынасын көрсетеді. Жүк көлік Еуро-5 экологиялық нормасына сәйкес келетін заманауи дизельдік қозғалтқышпен жабдықталған және 5-сатылы механикалық беріліс ауыстыру қорабымен бірлесіп жұмыс істейді. Жүк тасымалдауларға арналған Hyundai QT EX8 артқы осі күшейтілген және автомобильдің бағдарлық тұрақтылығы жетілдірілген.

Hyundai Com Trans Kazakhstan дистрибьюторы Hyundai ЕХ8 көлігін астанамызда наурыздың соңында өтетін Futuroad Expo Astana Орталық Азияның коммерциялық көліктер мен жол-құрылыс техниканың халықаралық көрмесінің таныстырылым алаңында басқа модельдермен қоса ұсынатын болады.