50 HYUNDAI H350 AMBULANCE РЕАНИМОБИЛІ АЛМАТЫҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының дәрігерлеріне Hyundai H350 Ambulance жаңа 50 реанимобильдің кілтін табыстады.

2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты «Астана Моторс» реанимобильдерді медициналық қызметтерге жедел беру үшін өндіріс қарқынын арттырды. Бүгінгі таңда компания Қазақстанның 15 өңіріне жалпы саны 426 реанимобиль жеткізді: Нұр-Сұлтан қаласы – 14 бірлік; Солтүстік Қазақстан облысы – 18; Қостанай облысы – 26; Ақмола облысы – 30; Павлодар облысы – 16; Қарағанды облысы – 30; Батыс Қазақстан облысы – 20; Ақтөбе облысы – 19; Атырау облысы – 22; Маңғыстау облысы – 20; Жамбыл облысы – 18; Түркістан облысы – 40; Қызылорда облысы – 19; Алматы облысы – 49; Алматы – 85.  Оның 391 бірлігі – Жол картасы аясында Өнеркәсіпті дамыту қоры (бұрын «ҚДБ-Лизинг») арқылы.

Hyundai H350 Ambulance реанимобильдері алдыңғы қатарлы неміс және итальяндық медициналық жабдықтарымен – Германия, Италия, Ресейдің дефибрилляторларымен, жасанды тыныс алу аппараттарымен (ӨЖЖ), электрокардиографтармен (ЭКГ) және т.б. жабдықталған. Жаңа жабдықта тиімді жұмыс істеу үшін «Астана Моторс» өңірлерде, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жедел жәрдем бригадаларына тренингтер ұйымдастырды.

Hyundai H350 Ambulance автомобилі Кеден одағының техникалық регламентіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын талаптарына сәйкес келеді және Еуро-5 экологиялық стандарттарына жауап береді.

Қазақстанда құрастырылған алғашқы Hyundai H350 Ambulancе 2018 жылғы наурызда Hyundai Trans Auto («Астана Моторс» еншілес кәсіпорны) желісінен шықты. Модель өзін әлемдік нарықта пациент пен персонал үшін ыңғайлы, қуатты қозғалтқышы бар қауіпсіз, сенімді, қолайлы, функционалдық көлік ретінде көрсетті. Дайындаушы зауыт Hyundai H350 Ambulance автомобиліне үш жыл бойы немесе 150 мың км кепілдікті, сондай-ақ «Астана Моторс» авторландырылған дилерлік орталықтарында кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Медициналық жабдықтарға кепілдікті қызмет көрсету – пайдалануға берілген сәттен бастап 37 ай.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Жол картасы бекітілді, оның шеңберінде облыстық әкімдіктердің, республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары  «ҚДБ-Лизинг» АҚ лизингтік қаржыландыру есебінен автопаркті жеңілдікті шарттармен жаңарту мүмкіндігіне ие.


ҚОСТАНАЙ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯЛАРЫН "АСТАНА МОТОРС" ҰСЫНҒАН ЖАҢА HYUNDAI H350 AMBULANCE КӨЛІКТЕРІМЕН ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАЙДЫ.

ҚОСТАНАЙ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯЛАРЫН «АСТАНА МОТОРС» ҰСЫНҒАН ЖАҢА HYUNDAI H350 AMBULANCE КӨЛІКТЕРІМЕН ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАЙДЫ.

Hyundai Trans Auto («Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны) отандық зауытының Hyundai H350 Ambulance үлгісіндегі 26 реанимобилі Қостанай облысының санитарлық паркін толықтырды.

Бүгінгі таңда, Қостанай облысы әкімдігінің деректері бойынша, аймақтағы халық саны 872 мың адамды құрайды. Қостанай қаласында 320 мың адам тұрады. Жалпы алғанда, облыстық жедел жәрдем станциясында 23қосалқы станция, соның ішінде 6 қалалық (Қостанай, Рудный, Арқалық, Лисаковск, Жітіқара, Тобыл қалалары) және 17 ауылдық қосалқы станция (Алтынсарин, Амангелді, Әулиекөл, Денисов, Жангелдин, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қашар, Құсмұрын, Меңдіқара, Наурызым, Октябрь, Сарыкөл, Ұзынкөл, Таранов, Федоров) бар. COVID-19 пандемиясына байланысты елдің барлық аймақтарында санитарлық көлікті жаңарту және парктерді толықтыру мәселесі алдыңғы орынға шықты. Осыған орай «Астана Моторс» жедел медициналық жәрдем станцияларына автокөліктерді жылдам беру үшін Hyundai H350 Ambulance реанимобильдерін өндіру қарқынын ұлғайтты. Hyundai H350 Ambulance үлгісіндегі 26 реанимобиль Қостанай облысының барлық аудандары мен моноқалаларына таратылатын болады.

«Hyundai H350 Ambulance реанимобильдеріндегі жабдық біздің COVID-19 пандемиясынан алған сабақтарымызға негізделген, атап айтқанда, оттек мөлшері ұлғайтылды (24 литр), бұл пациентті өкпені үздіксіз желдету режимінде облыстың кез келген жерінен облыс орталығына тасымалдауға мүмкіндік береді. Жиынтықтау барысында тыныс алу жолдарының аурулары кезіндегі науқастардың ауыр жағдайларына ерекше көңіл бөлінді. Бұдан басқа, мұнда беріктік қоры жоғары дефибриллятордың жақсартылған түрі ұсынылды. Облысымыздың климаттық жағдайлары да ескерілді, аппаратура -30 градустан +30 градусқа дейінгі жылу диапазонында жұмыс істейді»,  дейді Қостанай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері Ирина Штейгервальд.

Hyundai H350 Ambulancе – Германия мен Италияда жасалған озық медициналық жабдықпен жасақталған санитарлық көліктің жоғары технологиялық түрі. Автокөлік қызмет көрсетудің қарапайымдығымен ерекшеленеді, әрі жедел медициналық жәрдем қызметтеріне жоғары жүктеме түсетіндігін ескергенде, қарқынды пайдалануға дайын. Өндіруші зауыт Hyundai H350 Ambulance автокөлігіне үш жылға немесе 150 мың км қашықтыққа кепілдікті, сондай-ақ «Астана Моторс» өкілетті дилерлік орталықтарында кепілдіктен кейін қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Медициналық жабдыққа кепілдікті қызмет көрсету – пайдалануға енгізілген мезеттен бастап 37 ай.

Автокөлік Кеден одағының техникалық регламентіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жолаушыларды тасымалдайтын көлік құралдарына қоятын талаптарына және Еуро-5 экологиялық стандарттарына сай келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қыркүйекте «Астана Моторс» компаниясы Елде санитарлық көлікті жаңарту жол картасы аясында «ҚДБ-Лизинг» АҚ арқылы Қазақстан бойынша реанимобильдердің жеткізілімін мерзімінен бұрын бастады. Жалпы алғанда, «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны – Hyundai Trans Auto елдің 14 аймағына озық неміс және италиялық медициналық жабдықтар – дефибрилляторлармен, жасанды тыныс алдыру аппараттарымен (ЖТА), электрокардиографтармен (ЭКГ) және т. б. жабдықталған 341 бірлік Hyundai H350 Ambulance реанимобилін жеткізеді.

Бүгінгі таңда лизинг шарты аясында «Астана Моторс» H350 Ambulance реанимобильдерінің 341 бірлігінен  Нұр-Сұлтан қаласына – 14, Петропавл қаласына – 18, Қостанай облысына 26 жедел жәрдем көлігін табыстады. Тағы 283 реанимобиль жақын арада елдің басқа аймақтарына жөнелтіледі.


"АСТАНА МОТОРС" ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ РЕАНИМОБИЛЬДЕРДІ ЖЕТКІЗУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА. HYUNDAI H350 AMBULANCE ТОПТАМАСЫ ПЕТРОПАВЛОВСК ҚАЛАСЫНА ЖЕТКІЗІЛДІ.

«АСТАНА МОТОРС» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ РЕАНИМОБИЛЬДЕРДІ ЖЕТКІЗУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА. HYUNDAI H350 AMBULANCE ТОПТАМАСЫ ПЕТРОПАВЛОВСК ҚАЛАСЫНА ЖЕТКІЗІЛДІ.

Германияда және Италияда жасалған жоғары класты дефибрилляторлармен, жасанды тыныс алу аппараттарымен (ИВЛ), электрокардиографтармен (ЭКГ) және басқа медициналық жабдықпен жасақталған 18 реанимобильді «Астана Моторс» Петропавловск қаласына жеткізді.

Қазіргі таңда «ҚДБ Лизинг» АҚ арқылы Қазақстан Республикасы санитарлық көліктерін жаңарту жол картасы аясында «Астана Моторс» H350 Ambulance 341 бірлігінің 14 реанимобилін Нұр-Сұлтан қаласына және 18 реанимобилін Солтүстік Қазақстан облысына жіберді. Тағы 309 жедел жәрдем автокөлігі жақын арада өңірлерге жөнелтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Айманов жаңа реанимобильдердің бірнеше артықшылықтарын айтып кетті: «Hyundai H350 Ambulance реанимобильдерінде алғашқы медициналық көмек көрсету жағдайлары жақсартылған. Бұл салмағы 500 граммнан жоғары нәрестелердің де, қарт адамдардың да өкпелерін желдететін ИВЛ аппараттарының кең мүмкіндіктері, медицина бригадасының бір ғана қызметкері тез арада жүктеп, түсіре алатын трансформацияланатын арба».

«Біз бұны ұзақ күттік. Солтүстік Қазақстанда бұрын соңды осыншама медициналық көмек көлігін бірден сатып алу жағдайы болмаған. Бұл жердегі жабдық өз орындарында орналасқан, дұрыс бекітілген және көмек көрсетуге қажеттінің бәрі бар», – деді облыстық жедел медициналық көмек орталығының бас дәрігері Асхат Өтебаев.

Hyundai H350 моделі әлем нарығына 2015 жылы шыққан. Алғашқы отандық жиынтықтағы Hyundai H350 Ambulancе реанимобилі Hyundai Trans Auto зауыт желісінен («Астана Моторс» автоөндірістік еншілес кәсіпорын) 2018 жылғы наурыз айында шығарылған. Екі жыл ішінде кәсіпорын 370 жедел жәрдем көлігін шығарды, оның ішінде 2019 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының медициналық мекемелеріне Hyundai H350 Ambulancе көлігінің 185 бірлігі жеткізілді.

«Елдегі ескірген санитарлық көлікті жаңарту қажеттілігі коронавирус пандемиясы жағдайында күрт өсті, сондықтан «Астана Моторс» медицина қызметкерлеріне тез арада тапсыру үшін Hyundai H350 Ambulance реанимобильдерінің өндіріс қарқынын жылдамдата түсті», – деді Hyundai Com Trans Kazakhstan коммерциялық техника дистрибуциясы жөніндегі директоры Әділбек Гаев.

«Астана Моторс» компаниясы жеткізген жедел жәрдем көліктерінде тәжірибесі бар медицина қызметкерлері Hyundai маркалы автомобильдің сенімділігін, қауіпсіздігін, функцияналдылығын және қызмет көрсетудегі жеңілдігін ерекше атайды. Бұл көліктің басты артықшылығы — жоғары деңгейдегі ыңғайлылығы мен жұмсақ жүрісі, бұл дәрігерлерге стационарға бара жатқан жолда реанимациялық шараларды толыққанды жасауға мүмкіндік береді.

Hyundai H350 Ambulanceавтокөлігі Кедендік одақтың техникалық регламентіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жолаушыларды тасымалдайтын көлік құралдарына қоятын талаптарына және Еуро-5 экологиялық стандарттарына сай келеді.


 

АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА

Hyundai H350 Ambulance – озық медициналық жабдықтармен жасақталған жедел жәрдем автокөлігі:

  • «Кардиометр-МТ» жүрек-қан тамырлары жүйесінің функциялық күйін автоматты түрде жан-жақты бағалау кешені, жасалуы КФС-01.001, («МИКАРД-ЛАНА», Ресей);
  • Митар-01-«Р-Д» физиологиялық параметрлерді бақылауға арналған реанимациялық және анастезиологиялық монитор («Монитор» ҒТК, Ресей);
  • Carrera Pro T қабылдауыш құрылғысы бар медициналық, жедел жәрдемдік арба (Spenser, Италия);
  • ACCUVAC Pro тасымалды электрлік аспиратор  (WEINMANN Emergency Medical Technology GmbH + Co. KG, Германия);
  • ULM CASE салғыш шабадан (WEINMANN Emergency Medical Technology GmbH + Co. KG, Германия);
  • MEDUMAT Standardᵃ, MEDUMAT Standard²  өкпені жасанды желдету аппараты (WEINMANN Emergency Medical Technology GmbH + Co. KG (Германия);
  • Corpuls1 дефибрилляторы (GS Elektromedizinische Gerate G. Stemple GmbH, Германия). 

Hyundai Trans Auto коммуналдық кәсіпорындар мен жеке ұйымдарға арнаулы коммерциялық техника шығарады.Техниканың ресми дистрибьюторы – «Астана Моторс» ҚМК құрамына кіретін Hyundai Com Trans Kazakhstan.


"АСТАНА МОТОРС" КОМПАНИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНА ЖАҢА HYUNDAI H350 AMBULANCE РЕАНИМОБИЛЬДЕРІН ЖЕТКІЗДІ.

Жалпы алғанда "Астана Моторс" еншілес кәсіпорны – Hyundai Trans Auto елдің 14 өңіріне озық неміс және италиялық медициналық жабдықпен – дефибрилляторлармен, жасанды тыныс алдыру аппараттарымен, электрокардиографтармен (ЭКГ), т.б. жабдықталған Hyundai H350 Ambulance реанимобильдерінің 341 бірлігін жеткізетін болады.

Автокөлік Кедендік одақтың техникалық регламентіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жолаушыларды тасымалдайтын көлік құралдарына қоятын талаптарына және Еуро-5 экологиялық стандарттарына сай келеді.

"Медициналық жедел жәрдем станциясы мен Полиция департаменті үшін 114 көлік! Олардың 65 бірлігі полиция қызметкерлеріне берілді, тағы 14 көлік жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді. Жылдың соңына дейін медициналық қызметкерлерге тағы 35 автокөлік беріледі. Ертеректе 50-ден астам автокөлік берген болатынбыз. Осылайша бір жылға жетпес уақыт ішінде жедел жәрдем станциясының автопаркі шамамен екі жарым есеге ұлғайды. (Өткен жылдың желтоқсан айында паркте 64 автокөлік болатын, енді бұл сан 165-ке артады)", – деді елорда әкіміАлтай Көлгінов.

COVID-19 пандемиясы жағдайында елдегі 57%-ға ескірген (ҚАБҚ деректері бойынша) санитарлық көлікті жаңарту қажеттілігі күрт артты. Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсырмасы бойынша коронавирустың таралуына жол бермеу үшін "Астана Моторс" автокөліктерді келісімшартта белгіленген мерзімнен бұрын жеткізу үшін Hyundai H350 Ambulance өндірісінің қарқынын арттырды. 

«Hyundai H350 Ambulancе – бұл жоғары деңгейлі медициналық жабдықтармен жасақталған жедел жәрдем көлігінің жоғары технологиялық түрі. Ол Қазақстан тапсырысы бойынша, автокөлік елдің әртүрлі өңірлерінің климаттық жағдайларын ескере отырып арнайы әзірленген. Сонымен қатар, бұл автокөлік техникалық қызмет көрсетуде қарапайымдылығымен ерекшеленеді және жедел жәрдем саласында жұмыс көлемінің артуын ескере отырып шектен тыс қызмет көрсетуге дайын»,  деді «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

Қазақстанда жиналған алғашқы Hyundai H350 Ambulancе 2018 жылғы наурыз айында Hyundai Trans Auto желісінен шығарылды. Екі жыл ішінде зауыт 370 жедел жәрдем көлігін шығарды, оның ішінде 2019 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының медициналық мекемелеріне Hyundai H350 Ambulancе көлігінің 185 бірлігі жеткізілді. Hyundai H350 Ambulancе  моделі дүниежүзілік нарықта қуатты қозғалтқышы бар, қауіпсіз, сенімді, икемді, функциялық, клиент пен персонал үшін ыңғайлы көлік ретінде өз орнына ие болды. Автокөлік пайдаланушылары пациенттерді тасымалдаған кезде өте маңызды болатын жүрісінің жұмсақтығын, кондициялау және желдету жүйесін, жарықдиодпен жарық беру және жағармайдың үнемді жұмсалуын ерекше атайды. Өндіруші зауыт Hyundai H350 Ambulance автокөлігіне үш жылға немесе 150 мың км қашықтыққа кепілдікті, сонымен қатар «Астана Моторс» өкілетті дилерлік орталықтарында кепілдіктен кейін қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Медициналық жабдыққа кепілдік қызмет – пайдалануға берген сәттен бастап 37 ай.

Жалпы алғанда 2020 жылы Қазақстан Автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) деректері бойынша «Жол картасы» аясында «ҚДБ Лизинг» АҚ арқылы отандық өндірушілер қалалар мен өңірлерге санитарлық көлік құралының 1167 бірлігін тапсырмақшы.

«Бүгінгі күні қаржылық лизинг құралы бастапқы жарнасыз, сондай-ақ жеңілдікті пайыздық мөлшерлеме мен негізгі борышты жеңілдікпен өтеу сияқты ыңғайлы шарттарды ұсынатын жедел, коммуналдық қызмет техникаларын жаңартудың тиімді нұсқасы»  деді «ҚДБ Лизинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров.

Облыс әкімдіктерінің, республикалық маңызы бар қалалардың басқармалары автопарктерін «ҚДБ Лизинг» АҚ лизингтік қаржыландыруы есебінен жеңілдік шарттарымен жаңартуға мүмкіндік беретін Жол картасы 2019 жылы бекітілгенін естеріңізге сала кетейік.

Қазіргі таңда «Астана Моторс» лизинг шартының аясында H350 Ambulance 341 бірлігінің 14 жедел жәрдем көлігі Нұр-Сұлтан қаласына жіберілді. Тағы 327 автокөлік жақын арада өңірлерге жөнелтіледі.


АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА

Hyundai H350 Ambulance – озық медициналық жабдықтармен жасақталған жедел жәрдем автокөлігі:

  • «Кардиометр-МТ» жүрек-қан тамырлары жүйесінің функциялық күйін автоматты түрде жан-жақты бағалау кешені, жасалуы КФС-01.001, («МИКАРД-ЛАНА», Ресей);
  • Митар-01-«Р-Д» физиологиялық параметрлерді бақылауға арналған реанимациялық және анастезиологиялық монитор («Монитор» ҒТК, Ресей);
  • Carrera Pro T қабылдауыш құрылғысы бар медициналық, жедел жәрдемдік арба (Spenser, Италия);
  • ACCUVAC Pro тасымалды электрлік аспиратор  (WEINMANN Emergency Medical Technology GmbH + Co. KG, Германия);
  • ULM CASE салғыш шабадан (WEINMANN Emergency Medical Technology GmbH + Co. KG, Германия);
  • MEDUMAT Standardᵃ, MEDUMAT Standard²  өкпені жасанды желдету аппараты (WEINMANN Emergency Medical Technology GmbH + Co. KG (Германия);
  • Corpuls1 дефибрилляторы (GS Elektromedizinische Gerate G. Stemple GmbH, Германия). 

Hyundai Trans Auto коммуналдық кәсіпорындар мен жеке ұйымдарға арнаулы коммерциялық техника шығарады.Техниканың ресми дистрибьюторы – «Астана Моторс» ҚМК құрамына кіретін Hyundai Com Trans Kazakhstan.