«Астана Моторс» компаниясының құрамындағы Hyundai коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы Hyundai Com Trans Kazakhstan Hyundai Н350 және Hyundai HD35L жаңа модельдерін ұсынды. 02 қараша күні компанияның автоқұрастыру кәсіпорнының аумағында Hyundai коммерциялық автомобильдерінің практикалық тест-драйвы өтті. Арнайы дайындалған алаң, күрделі бұрылыстар, түрлі бөгеттер түрлері және динамикалық бағдарлама қонақтарға жаңа модельдердің функционалдығын және бәсекелік артықшылықтарын толыққанды бағалауға мүмкіндік берді.

Алдындағы модельдерімен салыстырғанда Hyundai коммерциялық көліктерінің жаңа модельдеріндегі кең және эргономикалық кабиналар тиімдірек жұмыс істеуге және жүргізуші мен жолаушыға ең жоғары жайлылық деңгейін сезінуге мүмкіндік береді. Жаңа буын заманауи қауіпсіздік жүйелерімен және өте берік шанақтармен жабдықталды.

Танымал Hyundai Porter ізбасары, жаңа Hyundai HD35L ұлғайтылған дөңгелек базасына (2810 мм), ұзынырақ және мықтырақ платформасына (3400 мм) ие. Автомобильдің жүк көтергештігі 300 кг өсті, жүк кеңістігінің көлемі едәуір арта түсті, ал төмен тиеу биіктігі жүкті тиеу мен жүктеуді айтарлықтай жеңілдете түседі.

HD35L кең салоны және ыңғайлы отырғыштары барынша ыңғайлылықты қамтамасыз етеді және жүргізушінің шаршағанын азайтады. Кең және эргономикалық кабина көлік жүргізуден болатын шаршағандықты төмендетеді. Отырғыштардың анатомиялық профилі, реттелетін бас тірегіші, еңкейту мүмкіндігі бар арқасы және реттелетін жастығы бар. Қаптаудың мықты материалдары жеңіл тазартуға келеді де, сырты әдемі болып тұрады.

Бұл коммерциялық көлік болғанына қарамастан, автомобиль «С» санатты жүргізуші куәлігінің болуын талап етпейді.

Жаңа Hyundai H350 кез келген жүк тасымалдау тапсырмаларын шеше алады. Модель көп жүк сыйдыра алады. Жүктің барынша тұрақтылығы үшін он төрт бекіту нүктелері, шанақтың артқы бөлігіндегі 12-вольттық электр розеткасы және артқы мен бүйірлік есік орнын жарықтандыру шамдары қолдануды барынша ыңғайлы етіп жасайды. Көлемі 12,9 м3 тегіс жүк кеңістігін кез келген уақытта кез келген мақсаттарға және жүктерге түрлендіруге болады.

Hyundai H350 сыйымды жүк бөлігімен және әмбебаптылығымен ерекшелене түседі.

Барлық модельдердің шанақтары ыңғайлы сыртаумақтық өлшемдерімен және бәсекелестерге қарағанда көлемі көп жүк кеңістігімен жабдықталған. Ұзын дөңгелектік базасы бар модель 3665 мм жүк бөлігінің ұзындығының арқасында бес еуропаллета сыйдырады, ал жүк кеңістігінің көлемі 12,9 м3 құрайды, бұл кластағы ең жақсы көрсеткіш болып табылады.

Қысқа дөңгелектік базасы бар модель төрт еуропаллетаны тасымалдай алады, ал оның жүк кеңістігінің көлемі 10,5 м3 құрайды.