Hyundai Com Trans Kazakhstan және Sinooil арасындағы шартқа 2015 жылдың 25 қыркүйегінде қол қойылды, ал 30 қыркүйегінде тапсырыс берушіге жаңа автобус табысталды.

Бүгінгі күні Sinooil компаниясы – Қазақстан Республикасының көптеген өңірлерінде филиалдарға, АЖҚС және еншілес компаниялары және одан тыс серіктестері бар, Қазақстан бойынша жанармай-жағармай материалдарын жеткізу және сату саласындағы жетекші компаниялардың бірі. Sinooil өзінің қызметін табиғи ресурстардың энергиясын адамның пайдасына жұмсайтындай етіп іске асырады.

Hyundai County автобусы заманауи қала үшін оңтайлы таңдау болып табылады. Оның үйлесімді дизайны, кең сыйымды салоны, үнемді дизель қозғалтқышы бар және қазақстандық жолдарға жақсы бейімделген. Hyundai County қалалық та, қала маңындағы тасымалдаулар үшін арналған. 27 дейін адамды сыйғызатын осы автобус Астана қ. Sinooil қызметкерлерін тасымалдау үшін сатып алынды.

«Астана Моторс» ҚМК құрамындағы Hyundai Com Trans Kazakhstan Қазақстан аумағында Hyundai коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы болып табылады.

Осы шарт екі жақты қарым-қатынастың негізін салған алғашқы қадам болды. Әрі қарай да біздің өзара тиімді ынтымақтастығымыз бұдан асқан да жағымды және ұзақ мерзімді болатынына сенім артамыз.