Алматыда Hyundai County автобустарының алғашқы партиясы «Азия Холдинг Групп» тәжік компаниясына салтанатты түрде тапсырылды.

«Астана Моторс» құрамындағы Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясы микроавтобустардың алғашқы партиясын Тәжікістан Республикасына тапсырды.

Hyundai County 30 бірлігі Душанбеде автобус паркін кеңейтеді және Тәжікістанның қалалық пен қала маңындағы бағдарында осы жылы қолдана басталады. Екі жылдың ішінде қазақстандық өндіруші көршілес елге тағы 270 автобус тапсырады, бұл жалпы алғанда 300 бірлікті құрайды. Осы келісімге «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауы арқасында жетті.

Алдында Тәжікістанда өткен Қазақстан Республикасының премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Тәжікістан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның жұмыс кездесуінің аясында Hyundai County автобустарын жеткізуіне келісімшартқа қол қойылды. 300 автобус Алматы облысында орналасқан «Hyundai Trans Auto» компаниясының өндірістік қуаттарында өндірілген «Азия Холдинг Групп Таджикистан» компаниясы үшін жиналатын болады.

«Шарт тек 300 бірлікке ғана жасалғанына қармастан, бұл шеткі сан болып табылмайды. Ол ынтымақтастық барысында ұлғаюы мүмкін. Біз «Астана Моторс» және «Азия Холдинг Групп» арасындағы ұзақ мерзімді және табысты халықаралық қарым-қатынастар басындағы алғашқы сатысында тұрмыз, – деді Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясының директоры Әділбек Гаев.

«Астана Моторс» ҚМК құрамына кіретін Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясы Hyundai маркалы коммерциялық техникасын сатуымен айналысатынын және Қазақстан аумағында Кореялық Hyundai Motor Company компаниясының ресми дистрибьюторы болып табылатындығын есіңізге саламыз.