Hyundai Com Trans Kazakhstan
Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясы 2005 жылдың тамыз айында негізін қалады және «Астана Моторс» ҚМК құрамына кіреді. Компания Hyundai маркалы коммерциялық техниканы (жүк көліктер, автобустар, арнайы техника) сатуымен айналысады және Қазақстан аумағында кореялық Hyundai Motor Company компаниясының ресми дистрибьюторы болып табылады.
Негізгі артықшылықтары тиімді баға, қолайлы мерзімдер және жеткізу шарттары, сондай-ақ модельге байланысты 3 жылдың ішінде немесе жүрілген жолдың 100 мың км жеткеннен кейін зауыттық ақауға кепілдікті қамтамасыз ету болып табылады.
Модельдер қатары 1,5 тоннадан бастап 5 тоннаға дейін жүк көтергіштігі бар техникамен ұсынылған – бұл келесідегідей жүк көліктер: бортты, изометриялық фургондар, өнеркәсіп тауарлары фургондар және рефрижераторлар.
∙ жүк көтергіштігі шағын, орташа және үлкен өзі аударғыш жүк машиналар;
∙ автобустар – қалалық және қалааралық;
∙ азық-түліктерді, сусындарды тасымалдау үшін арналған жүк көліктер (рефрижераторлар, құрғақ жүк таситын көліктер және т.б.)
∙ арнайы техника: қоқыс тасымалдаушылар, контейнер тасымалдаушылар, бензин тасымалдаушылар, миксерлер, техникалық және ақпасуларды тасымалдау үшін вакуумдық су тасымалдаушылар.
2012 жылы Hyundai Trans Auto зауыты 16-21 қондырмалы орындық Hyundai County жолаушылар автобустарды құрастыруға және шығаруға кірісті.
2012 жылы County автобусының негізінде кәсіпорын County Ambulance реанимобильдің өндірісін жолға салды.
2013 жылы Hyundai H-1 микроавтобусының негізінде жедел жәрдем машиналары шығарылды.
2018 жылдан бастап біз Hyundai H350 негізінде жедел жәрдем машиналарын шығарып келеміз.
2019 жылдан бастап Қазақстанда Golden Dragon маркалы жолаушылар көлігінің өндірісін іске қосу. Hyundai Mighty аз тонналы техникасын шығару.
2020 жылдан бастап Hyundai Pavise базасында коммуналдық қызметтерге арналған арнайы техниканы шығару.
2022 жылдан бастап ұсақ торапты әдіспен Golden Dragon автобустарының өндірісін іске қосу.
Басқа өндірушілердің автотехникасымен салыстырғанда Hyundai маркалы коммерциялық техникасы баға мен сапа қарым-қатынасында ең бәсекеге қабілетті және оңтайлы болып табылады. Ол ресейлік өнімдерге қарағанда қолданыстағы өзінің экономикалық тиімділігін көрсетті, себебі Hyundai техникасының негізгі артықшылықтары тиімді баға, лайықты мерзімдер және жеткізу шарттары, сондай-ақ кепілдікті қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен бірге компания өндіруші зауыттың кепілдігімен қамтамасыз етілген Кореядан шыққан бірегей қосалқы бөлшектерді және жарақтарды сатуымен айналысады.
Компанияның коммерциялық техниканы сату бойынша, сондай-ақ білікті сервистік қызметтерді ұсыну бойынша ҚР аумағында кең дилерлік желісі бар.
Өндіріс
2011 жылдың қаңтар айында Алматыда халықаралық әуежайдың маңында Hyundai маркалы жүк автокөліктерін және автобустарын құрастыратын зауыттың ашылуы өтті.
Hyundai жүк көліктерін және автобустарын өндіру қуаттылығы жылына 10 000 бірлікке дейінді құрайды. Кәсіпорынның аумағы 10,2 га құрайды, бос жүкқойманың аумағын қоса, кәсіпорынның ауданы 16 023 шаршы метрді құрайды.
Жобадағы қазақстандық қамту үлесі 2019 жылға 30% құрайды. Зауыттың ашылуы жүз елу жұмыс орындардан артығын құруға мүмкіндік берді.