«Астана Моторс» ҚМК құрамындағы Hyundai коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясы Каспи банкпен бірлесіп жаңа автонесиелендіру бағдарламасын іске қосты. Енді Hyundai коммерциялық техникасын бөліп төлеп, 1 жылдан 2 жылға дейін мерзімге артық төлемсіз сатып алуға болады.

Өтінімді қарастыру және шешімді қабылдау үшін тек бір құжатты – жеке куәлікті ұсынуға жеткілікті. Өтінім 2 сағаттың ішінде қарастырылады.
Бөліп төлеудің негізгі шарттары:

  • Артық төлемсіз
  • Бастапқы жарна — 50% бастап
  • Несиелендіру мерзімі – 24 айға дейін*
  • Рәсімдеу үшін 1 құжат – ЖСН бар жеке куәлік керек
  • ВҚарыздың валютасы — KZT

** Бастапқы жарнаға байланысты

Бөліп төлеу жүк көліктер модельдеріне әрекет етеді:

  • Жүк көтергіштігі 2 тоннаға дейін HD45
  • Жүк көтергіштігі 3 тоннаға дейін HD65
  • Жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейін HD78

Несиелендіру бағдарламасының аясында автомобиль КАСКО бойынша сақтандырылады, бұл жол апаты жағдайында елеулі ақшаны үнемдейді және сатып алушының қаржылық мүдделерін қорғайды.

Бөліп төлеу бағдарламасы бойынша толығырақ ақпаратты мына жерлерден ала аласыз:

9999 нөмірі бойынша кез келген уақытта қаржылық кеңесшіден (қоңырау тегін),
Алматы қаласындағы телефондар бойынша ресми дистрибьютордан: + 7 (727) 244 76 52, 7007.