«Hyundai Com Trans Kazakhstan» компаниясы сізге Trade-in бағдарламасы бойынша автомобильдердің сатуын ұсынуға қуанышты. Осы бағдарламаның аясында сіздің ең қысқа мерзімдерде өзіңіздің ескі автомобиліңізді жаңасына ауыстыруға мүмкіндігіңіз бар. Ұзақ күтпей-ақ автомобильді ауыстыру – бұл «Hyundai Com Trans Kazakhstan» ұсынған Trade-in бағдарламасы көздейтін мақсат.

Trade-In — бұл жүрілген сіздің автомобиліңіздің құнын кез келген жаңа немесе біздің компаниямыздан сатып алынатын жүрілген автомобильдің құнына есептеуге мүмкіндік береді.

Trade-in негізгі артықшылықтары:

  • Сіздің автомобиліңізді сату мәмілесінің ыңғайлығы. Сізге Trade-in байланысты барлық сұрақтар бойынша сізге кеңес беретін жүрілген автомобильдер бөлімінің менеджері бекітіледі.
  • Уақыт үнемділігі. Ресми дилер сіздің автомобиліңізді кейіннен сату мерзімдеріне қарамастан, бірден жаңасының есебіне қаражатты аударуға ұсынады.
  • Мәміленің қауіпсіздігі. Кей кезде «күдікті» сатып алушылармен кездесу, сіздің автомобиліңізді көптеген рет көрсету, уақытыңызды алатын қоңырауларға жауап беру қажеттілігі жоқ.

Hyundai Com Trans Kazakhstan» TRADE-IN БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЯСЫНДА МЫНАЛАР ҚОЛ ЖЕТІМДІ:

АУЫСТЫРУ

Сіз автомобиліңізді жаңасына немесе жүрілген автомобильге ауыстыра аласыз. Ауыстырған кезінде сіздің де, біздің де тарабымыздан қосымша төлем мүмкін.

Ауыстыруға шығарылған күніне қарамастан (күңгірт заң тарихы немесе ауыр ақаулықтары бар автокөлік құралдарынан басқа) кез келген брендті автомобильдер модельдер қабылданады.

Жүрілген автомобилді ауыстырған кезінде сіз сатып алынатын автомобилдің жақсы техникалық күйіне және оның заңды тазалығына сене аласыз.

КОМИССИЯЛЫҚ САТУ

Сіз өзіңіздің автомобиліңізді біздің дилерлік орталықтарымыздың біреуіне комиссиялық сатуға қоя аласыз.

Біз автомобиліңіздің жарнамасын және әлеуетті сатып алушыларға көрсетуді қоса, оның сатуын өзімізге толығымен аламыз. Осылайша, біз уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдейміз және сіз мәміленің қауіпсіз және құпиялы өтетініне сенімді бола аласыз.

Автомобиль сіз тағайындаған баға бойынша сатылатын болады.

Комиссияға шығарылған күніне қарамастан (күңгірт заң тарихы немесе ауыр ақаулықтары бар автокөлік құралдарынан басқа) кез келген брендті автомобильдер модельдер қабылданады.

АВТОМОБИЛЬДІ САТЫП АЛУ

Біз ең қысқа мерзімдерде автомобиліңізді сатып аламыз. Сіз мәміленің қауіпсіз және құпиялы өтетініне сенімді бола аласыз. Бағалау және диагностикалау процедурасы бірнеше сағатты алады. Мәмілені рәсімдеу кезінде төлем жүргізілетін болады.