Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясы Futuroad Expo Astana көрмесіне қатысуда

Бүгін астанамызда Futuroad Expo Astana атты Орталық Азиядағы коммерциялық көліктер мен жол-құрылыс техникасының көрмесінің ашылуы өтті.

«Астана Моторс» ҚМК құрамына кіретін Hyundai Com Trans Kazakhstan коммерциялық техникасының дистрибьюторы үш күндік көрмеге қатысуда.

Futuroad Expo Astana – бұл Орталық Азиядағы коммерциялық көліктер мен жол-құрылыс техникасының халықаралық көрмесі, ол Қазақстандағы коммерциялық көліктің және жол құрылысы дамуының маңыздылығын көрсетеді. Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясы таныстырылым алаңында Hyundai QT ЕХ 8 және HD 35L модельдерін ұсынады.

Коммерциялық техниканың жаңа моделі, атап айтқанда, Hyundai QT EX8 аз тонналы жүк көлігі (пайдалы жүк көтергіштігі – 5 тонна) бизнестегі сенімді құрал бола алады. Заманауи құрылым, жаңа дизайн брендтің инновациялар мен сапаға өзінің қатынасын көрсетеді. Жүк көлік Еуро-5 экологиялық нормасына сәйкес келетін заманауи дизельдік қозғалтқышпен жабдықталған және 5-сатылы механикалық беріліс ауыстыру қорабымен бірлесіп жұмыс істейді. Жүк тасымалдауларға арналған Hyundai QT EX8 артқы осі күшейтілген және автомобильдің бағдарлық тұрақтылығы жетілдірілген.

HD 35L – жеңіл автомобильдің оңтайлылығы мен ыңғайлылығына ие коммерциялық жүк көлік. Стильді дизайн, ыңғайлы басқару, отын сапасына талғамаушылық – осының бәрі HD35L. Осы моделдің ең жоғарғы сенімділігін ерекше атап өту қажет – тиісті күтімді көрген жағдайда ол көптеген жылдар бойы қызмет етеді. Hyundai HD35L қалалық тасымалдауларға арналған.

Көрменің арқасында іс-шараның шетел және отандық қатысушылары мен қонақтары коммерциялық көлік нарығының және іргелес кәсіпорындардың даму беталыстарымен таныса алады, өзекті сұрақтарды талқылай алады, сондай-ақ жаңа іскерлік серіктестерді таба алады.