Сеул қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Кореяға ресми іссапарының барысында «Астана Моторс» және Hyundai Motor Company компанияларының арасында Қазақстан Республикасында шағын класты автобустарды өндіру технологияларын жаңарту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Осы келісімнің мақсаты – өндіріс үшін компоненттерді дәнекерлеу, бояу және жеткізу бойынша технологиялық операцияларды тереңдете отырып, шағын класты автобустарды өндіру технологиялар трансфертін қамтамасыз ету.
Hyundai Motor Company атынан компания директоры Канг Мун Джонг (Kang Mun Jong), ал «Астана Моторс» атынан компания президенті Нұрлан Смағұлов қол қойды.
Конвейерден түскен «Астана Моторс» компаниясының автоқұрастыру кәсіпорнының бүкіл өнімдері Кедендік одақтың техникалық талаптарына сай Еуро-4, Еуро-5 экологиялық стандарттарына сәйкес келетін болады, бұл экспорттық әлеуетті және Hyundai жүк көліктерін ЕАЭО елдеріне табысты экспорттап жатқан кәсіпорынның өндірістік қуатын ұлғайтуға көмектеседі.
Hyundai County автобустарын жылына 3% атаулы мөлшерлемесімен мемлекеттік бағдарламаның аясында жеңілдікті лизинг бойынша сатып алу мүмкіншіліктерінен басқа, «Астана Моторс» компаниясы икемді және ыңғайлы несиелендіру шарттарын ұсынуға мүмкіндік беретін тұтынушыларды қаржыландырудың қосымша шарттарын әзірлеуде.
ВҚазіргі уақытта «Астана Моторс» компаниясының автоқұрастыру кәсіпорны толық циклінің өндірісі болып табылады – осында шанақтардың дәнекерлеуі де, бояуы да бар. Осы кәсіпорын – Алматыдағы 2 тоннадан бастап 20 тоннаға дейін жүк көтеретін, күрделілігі әр түрлі қондырмалары бар Hyundai коммерциялық техникасының, коммуналдық және мамандандырылған техниканың (жүк көліктер, борттық, фургондар, рефрижераторлар, қоқыс тасушылар, су тасушылар, манипуляторлар және т.с.с.) кең модельдер қатарын өндіретін жалғыз кәсіпорын.
Hyundai кореялық маркалы заманауи техникасы өзін сапалы және қызмет көрсетуіндегі арзан деп танытты. Бүкіл техника сервистік қолдаумен және 3 жылға немесе 60 мың км жүріске зауыттық кепілдікпен қамтамасыз етіледі.
Осы меморандум «Астана Моторс» және Hyundai Motor Company компанияларының арасындағы екі жақты қарым-қатынастардың негізін нығайтатын кезекті қадамы болып табылады.