2016 жылдың наурыз айынан бастап «Астана Моторс» компаниясының құрамындағы Hyundai брендінің коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы Hyundai Com Trans Kazakhstan жүк автомобильдері мен автобустар үшін Hyundai бірегей қосалқы бөлшектердің кең ауқымын жеткізеді.
Оңтүстік Кореялық өндірушімен келісім арқасында, сондай-ақ мерзімдердің оңтайландыру мен ұйымдасқан жеткізу тәсілдерінің арқасында қосалқы бөлшектер тапсырыс бойынша жүкқоймадан Қазақстанға 7 күннен бастап 35 күнге дейін мерзімде жетеді. Осылайша, қосалқы бөлшектерді жеткізу мерзімі үш айдан бір айға дейін айтарлықтай қысқарды, бұл компания клиенттеріне өзінің шығындарын барынша қысқартуға мүмкіндік береді. Өнімдердің барлығы Оңтүстік Кореядан жеткізіледі және еуразиялық нарық үшін сертификатталған болып табылады.
Өнімдердің тізімі автомобильдерді жөндеген кезінде қажетті авто қосалқы бөлшектер, толымдаушылар мен шығын материалдардың толық тізімін қамтиды. Жинақталған беріліс ауыстыру қораптар, қалыптан, редукторлардан және рөл бағандардан бастап шанақ пен электрикаға дейін барлық қосалқы бөлшектер әрдайым бар немесе өндірісте болады. Өнімнің түпнұсқалығы қаптамадағы Genuine Parts жазуымен расталады. Бұдан басқа, барлық қосалқы бөлшектердің бірегей нөмірі және шығару күні болады, себебі ассортимент үнемі алдыңғы нұсқаларынан ерекше болатын жаңа өнімдермен толықтыралады. Бұл тұтынушы үшін үйреншікті қосалқы бөлшектердің түрлері бойынша градациясын сақтауға және қолдан жасалған бөлшектерден қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бірегей қосалқы бөлшектерге ертерек болатын 1 жыл мерзімге немесе 20 000 км кепілдік жарамды болады.
Біздің Қазақстанның дерлік барлық өңірлерінде өкілдеріміз бар.