АСТАНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН

Астаналық жедел жәрдем автопаркі 52 машинамен толықтырылады, желіге олардың 20-сы шығып үлгерді, қосымша жылдың соңына дейін тағы 32 автомобиль жеткізілетін болады. Барлық автомобильдер – «Астана Моторс» компаниясының автоқұрастыру кәсіпорнының отандық өндірісі. Автомобильдердің кілттерін тарту ету салтанатты рәсімінде астана әкімі Алтай Күлгінов қатысты.

Жаңа автопарктің жаңа машиналары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген стандартқа сәйкес келеді және заманауи жабдықтармен жабдықталған. 27 автомобиль шұғыл жәрдем көрсету үшін реанимобиль (С класс) болып табылады. 25 машина қарқынды терапия, науқастарды және зақымдалған адамдарды мониторингтеу және тасымалдау үшін арналған (В класс).

Hyundai H350 құрастырған кезінде қазақстандық қамтуының үлесі 33%, соның ішінде базалық модельді заманауи арнайы жабдықтандыруымен жабдықтаудың арқасында жетеді. Hyundai H350 Ambulance пациенттерді белгіленген жерге ыңғайлы және қауіпсіз жеткізе алады. Модельдің ыңғайлы жобаланған салоны бар, барлық қажетті жабдықтармен және ауа баптағышымен жабдықталған.

Машиналар партиясының үлкен бөлігі – шұғыл медициналық жәрдемді қажет ететін пациенттердің қарқынды терапия, мониторинг және тасымалдау мүмкіншіліктері бар реанимобильдер. Бұл ауруханаға барар жолында күрделі медициналық жәрдемді көрсету үшін жайланған өз алдында мобильді реанимациялық палаталар. Сондай-ақ машинада бейнетіркеу, ауа баптау және қосымша жылыту аспаптары бар.

Hyundai H350 Ambulance бәсекелестердің алдындағы артықшылықтары жоғары сапа, қолданыстағы сенімділік және төзімділік болып табылады. Автомобиль түйіндерінің және агрегаттарының ең жоғарғы сенімділігі оны ұзақ уақыт бойы қолдануға мүмкіндік береді. Отандық құрастыру, сенімді қозғалтқыш және мықты құрылым қарқынды қолдану барысында сенімділікті қамтамасыз етеді және Hyundai H350 Ambulance үшін тиімді және жайлы автомобильдің абыройын туғызды. «Астана Моторс» компаниясының автоқұрастыру кәсіпорны жүріске шектеу қоймай-ақ үш жыл мерзіміне өндірушінің кепілдігін ұсынады.