«Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясы «Астана Моторсқа 25 жыл. Бірге – уақыт пен қашықтықты кеше отырып!» ұранымен «Астана Моторс» брендімен байланысты ең – күлкілі, әсерлі, жарық, музыкалық, әсем оқиғасына Республикалық жарысты жариялайды.

Жарыстың іріктеу кезеңіне қатысушы ретінде тіркелген және өзінің жұмысын жарысқа жіберген Қазақстан Республикасының кез келген кәмелет жасына толған азаматы қатыса алады.

Мәндік және эмоциялық мазмұны бүкіл жобаның жалпы стиліне сәйкес келетін оқиғалар жарыстың жеңімпаздары болады. Негіздеріне өмірден алынған шынайы оқиғалар ізденіп жатқан шағын фильмдердің барлығы «Астана Моторс» компаниясымен және оның автомобильдерімен байланысты қызықты жағдайлар туралы жарқын оқиғалар болады. Компания барлық шағын фильмдердің жалпы мағынасын қолдайтындай және жалғастыратындай етіп, күлкілі, әрі қайырымды, әсерлі, әрі жақын, қызықты, әрі еліктіргіш туралы жағымды және өмірді гүлдендіретін оқиғаны алуға сенімін артады.

Жарысқа қатысушылардың жұмыстарын жіберу үшін «Астана Моторс» компаниясының ресми сайтында арнайы ЖАРЫС бөлімі құрылды, онда кері байланыс нысаны бар. Оқиғалар орыс немесе қазақ тілінде, А4 нысанды 3 (үш) беттен артық емес көлемді, Word, txt мәтіндік нысанда қабылданады.
Жарыстан жеңіп шыққан оқиғалар шағын фильмдер үшін сценарийлерді өндірген кезінде қолданылатын болады.

Жарыстың финалында іріктеу комиссиясы өзінің қарауы бойынша оқиғаларды таңдайды және оқиғалары шағын фильмдерде қолданылатын жеңген қатысушылар жарыстан жүлдені алады:

– 100 000 (жүз мың) теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы;
– оқиға қолданылатын шағын фильмнің сценарийін жасау жұмысындағы авторлас ретінде қатысу (жеңімпаздың ниеті бойынша);
– шағын фильмнің жазуында атын атау;
– жобаның барлық жарнамалық іс-шараларға шақыру.

Жарыстың қазылар алқасына танымал қазақстандық режиссер, сценарист және продюсері Бақыт Қилыбаевтің* шығармашылық және кәсіби тобы кірді. Осы адам жиырма бес жыл бұрын «Астана Моторс» компаниясы үшін «Алғашқы махаббат» атты алғашқы роликті түсірді.

___________________

*Бахыт Килибаев — совет, ресейлік және қазақстандық сценарист, режиссер және продюсер. 1975-1978 жылдары Ленинград университетінің Шығыс факультетінде оқыды. 1985 жылы Бүкіл Ресейлік Мемлекеттік Кинематография Институтының сценариялық факультетін бітірді.

А. Барановпен бірлесіп «Дамир плюс Дина» (1985, к/м), «Кто ты, всадник?» (1987 ж.), «Вместе» (1988 ж., тв), «Игла» (1988 ж.), «Дархан» (1988 ж., тв).

МММ студиясының басшысы, «МММ» АҚ жарнамалар сериясының авторы болды. Горький Киностудиясының жарнама, маркетинг және сату бойынша директорының орынбасары. 1992 жылы «Гонгофер» мистикалық фильмін түсірді. 1993 жылы фильм «Кинотавр» фестивалінің сыйлығына және ең үздік сценарий үшін «Золотой овен» сыйлығына ие болды.