Жедел медициналық жәрдем қызметінің автомобиль паркі «Астана Моторс» компаниясының автоқұрастыру кәсіпорнында өндірілген жаңа Hyundai реанимобильдерімен толықтырылды.
Кілттерді тапсыру рәсіміне Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Hyundai H 350 Ambulance моделі пациенттерді ыңғайлы әрі қауіпсіз жеткізеді. Оның екі жағынан сырғымалы есіктері бар, ыңғайлы жобаланған салоны бар, барлық қажетті жабдықтармен және ауа баптағышымен жабдықталған. Барлық машиналар Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген стандартқа сәйкес келеді және заманауи жабдықтармен жабдықталған: дефибрилляторлар, электрокардиографтар, өкпені жасанды желдету аппараттары, оттегі баллондары. Hyundai H350 құрастырған кезінде қазақстандық қамту үлесі 33 пайызға жетеді, соның ішінде базалық модельді заманауи арнайы жабдықтаумен жабдықтаудың арқасында.
«Медициналық қызметтердің техникалық жаңартуы жалғасатын болады. Соның ішінде жедел жәрдем бригадаларының да. Біздің мақсатымыз – жедел жәрдем дәрігерлері «алтын сағат» ережесін сақтай алу және уақытылы шұғыл жәрдемді көрсете алу үшін барлық жағдайларды жасау», – деді Сағынтаев.
Hyundai H 350 Ambulance бәсекелестердің алдындағы артықшылықтары – жоғары сапа, қолданыстағы сенімділік және төзімділік болып табылады.
Автомобильдерге өндірушінің кепілдігі ұсынылады – 3 жыл немесе 150 000 километр жүріс – қарқынды қолдану барысында жоғары сапалы сервистік қолдау аса маңызды.
Hyundai Com Trans Kazakhstan коммерциялық техникасының дистрибьюторы («Астана Моторс» еншілес компаниясы) ҚР Денсаулық сақтау және Төтенше жағдай министрліктерін Қазақстанда шығарылған заманауи жедел жәрдем автомобильдерімен және реанимобильдерімен қамтамасыз етіп отырғаны бірінші рет емес.
Осылайша, 2012 жылы ТЖМ Hyundai County автобусының базасында арнайы тапсырыс бойынша дайындалған 6 реанимобильді жеткізді, 2013 жылы – 14 осындай реанимобиль, ал 2014 жылы – Hyundai H1 базасында 40 бірлік реанимобиль. Ағымдағы 2019 жылдың соңына дейін компания Нұр-Сұлтандағы жедел жәрдем ауруханасы үшін тағы 52 жедел жәрдем машиналарын, сондай-ақ Шымкенттегі жедел жәрдем ауруханасы үшін 100 автомобиль жеткізетін болады.