Қазақстандық өндірушілер техникалық парктерін жаңарта отырып, отандық арнайы техниканы таңдайды.
Қазақстандағы балмұздақ пен пакеттегі сүттің ең ірі өндірушісі «Шин-Лайн» балмұздақты тасымалдау үшін HD 78 модельді жаңа эвтектикалық фургондармен автопаркін толықтырды. Жалпы, лизингтік қаржыландыру бағдарламасы бойынша Hyundai Trans Auto кәсіпорны компанияға тапсырылған 12 автомобильді өндірді. Бағдарламаның операторы – «ҚДБ-Лизинг».
HD 78 – сенімді, мықты қозғалтқышы бар, жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейін уақытпен сыналған, маневрлі, қолданыста ыңғайлы модель. Эвтектикалық рефрижераторлық фургонның басты артықшылығы – жұмыстағы және қызмет көрсетудегі үнемділік. Суық аккумуляторлары 220v желісінен қуат алады. Аккумуляторлар жеткілікті түрде тоңазытылып болғаннан кейін, фургон секцияларының ішіндегі температура негізгі тоңазыту қондырғысын қоспай-ақ ұзақ уақыт бойы тұрақты болып қалады. Фургонның әрбір секциясында 0° бастап – 35°С дейін температура ұстап тұрылады. Жалпы, 9 жыл жұмыс барысында зауыт шамамен HD 78 автомобильдерін шығарды және оларды еліміздің түрлі өңірлеріндегі кәсіпорындар табысты қолданып келеді.
Анықтама:
Hyundai Trans Auto компаниясының негізін «Астана Моторс» Алматы қаласында 2011 жылы қалады. Кәсіпорын халықаралық сапа стандарттарына сәйкес автокөліктің кең тізбегінің өндірісімен айналысады – Hyundai County жолаушы автобустары; Hyundai шассиінің базасындағы жүк көтергіштігі 1,5 тоннадан бастап 15 тоннаға дейін автомобильдер (бортты жүк көлігі, изометриялық және өнеркәсіп тауарлық фургондар, рефрижераторлар); өзі түсіргіштер; Hyundai H350-Ambulance модельді «жедел жәрдем» автомобильдері. 2016 жылдан бастап Hyundai Trans Auto – Қазақстандағы МАЗ маркасының ресми дилері; 2019 жылдан бастап Golden Dragon маркалы жолаушы автобустарын өндіретін және сататын ресми дистрибьютор.