2016 жылдың 16 мен 20 қазаны аралығында Сеул қаласында Hyundai Motor Company ұйымдастырған Hyundai коммерциялық техникасының клиенттері үшін жыл сайынғы конвенция өтті.

Конвенцияға 12 елдің бизнес өкілдері қатысты: ОАӘ, Сауд Аравиясы, ОАР, Малайзия, Индонезия, Мексика, Ресей және басқалары. Қазақстандағы Hyundai коммерциялық және жеңіл техникасының ресми дистрибьюторы болып табылатын Hyundai Com Trans Kazakhstan тарапынан делегацияның құрамына «Alcas Beton» ЖШС, «ОРПТ» (Техно Дом) АҚ және «Зем Дор Строй» ЖШС сияқты ірі қазақстандық компаниялар кірді.

Съездің қатысушылары ең ірі кореялық автоөндірушінің бүкіл жұмыс процесін өз көздерімен көре алды. Ресми бағдарламаның аясында қонақтар адами ресурстардың дамуымен айналысатын Hyundai Motor құрамына кіретін барлық ұйымдардың штаб-пәтері болып табылатын Hyundai Motor Group университетінің Макбук оқу кампусына, сондай-ақ әлемдегі алғашқы шикізатты өңдеудің жабық экологиялық таза жүйесі бар зауыт болып табылатын Hyundai Steel зауытына, және де Намаян қаласындағы конструкторлық бюроға (Hyundai R&D Centre) барды. Сонымен бірге олар Hyundai және KIA Motor Group арнайы полигонында коммерциялық техниканың жаңа модельдерінің тест драйвын өткізді.

Мазмұнды жұмыс бағдарламасынан басқа, қатысушылар Оңтүстік Корея астанасының көрнекі жерлерін аралауға және халықтың мәдениеті мен дәстүрлерімен жақынырақ танысуға тамаша мүмкіншілікті алды.

Конвенцияның қорытындылары бойынша Hyundai Motor клиенттері мен дилерлері әрі қарайғы жемісті ынтымақтастықтың сұрақтарын талқылады. Жұмыс процесімен және модельдер қатарымен танысып шыққаннан кейін, Hyundai Com Trans Kazakhstan компания клиенттері өздерінің бизнестерін дамыту үшін Hyundai коммерциялық техникасын сатып алуына шарттарды жасасты.