Shymkent Development 2018 халықаралық инвестициялық форумы саясаткерлерді, әлемдік және отандық бизнестің көшбасшыларын, ірі корпорациялар мен қаржылық институттардың басшыларын біріктірді.
Мемлекеттік-жеке серіктестіктің аясында біз қалалық жедел жәрдем қызметінің автопаркін жаңарту жобасы бойынша үш жақты меморандумға қол қойдық. 2019 жылдың тамыз айының соңына дейін компания Шымкент қ. жедел жәрдем қызметі үшін жаңа Hyundai H350 103 бірлігін жеткізеді.
Қазақстанда жиналған HYUNDAI H350 – Ambulance моделі – бұл қолайлы және қауіпсіз автомобиль. HYUNDAI H350 кластастарының арасында көшбасшылық сатыға шығаратын техникалық сипаттамаларға ие. H350 моделін әзірлеу барысында инженерлер қауіпсіздік және сенімділік сияқты негізгі салаларда зейіндерін қойды.
Пациенттерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікке басты зейін қойылды, бұл Жедел медициналық жәрдемнің жұмысы кезінде маңызды фактор болып табылады. HYUNDAI H350 – Ambulance ыңғайлы автомобилі дәрігерлік бригаданың күшімен емдеу іс-шараларын өткізу үшін, сонымен бірге пациентті аурухана дәрігерлерінің қолына бергенге дейін оның күйін қадағалау үшін арналған. Жолда жедел жәрдемді көрсеткен кезінде қажетті осы барлық алғышарттар адамдардың госпитализацияға дейінгі өлім-жітімін азайтуға бағытталған.
HYUNDAI Н350 – Ambulance – адамдарды ауруханаға тасымалдау үшін арналған жай ғана автомобиль емес, бұл, ең алдымен, қауіпсіздік, жайлылық және сапа. Осы модель Қазақстанда құрастырылады.