2016 жылдың 16 қыркүйегінде Астанада IV Қазақстанның машина жасаушылар форумы өтті. Ол отандық машина жасау саласының дамуын көрсетуді, сондай-ақ саланың әлемдік алыптарын ынтымақтастыққа тартуды көздеді.
Форумға 20 елден келген 108-ден артық өкілдер, сондай-ақ қазақстандық машина жасау саласының ең ірі ойыншылары қатысты.
IV Форумының аясында «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен марапттау салтанаты өтті. Басшысы Ережепов Қайрат Әбсаттарұлының тұлғасындағы Hyundai Trans Auto компаниясы құрметті белгісімен марапатталды.
Біз қызметкерімізді мақтан тұтамыз, марапаттауға кандидатураны Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі қарастырды және қолдады.