Жеңімпаздар анықталды!
HYUNDAI БІРГЕ ФУТБОЛҒА БАРАЙЫҚ
Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясы «Hyundai бірге футболға барайық» жарнамалық науқанының қорытындыларын жасады. Қазақстандағы Hyundai коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы барлық белсенді қатысушыларға зор ризашылығын білдіреді!
Науқанның қорытындылары бойынша барлық шарттарды тек 3 клиент қана орындап шықты, сондықтан дистрибьютор ұтыс ойынды өткізбей осы үш клиенттің арасында билеттерді таратуға шешім қабылдады.
Мәскеу қаласындағы «Лужники» стадионында 15 шілде күні өтетін 2018 жылғы Әлемдік футбол чемпионатының финалына 3 билеттерінің құтты иегерлері «Тау-Профи» ЖШС, «ОРПТ» ЖШС, «А-продукт» ЖШС болды.
Біздің жеңімпаздарды құттықтаймыз! Біз оларға сәтті барып келуге және ұмытылмас ләззат алуға тілейміз!