2017 жылдың 14 шілдесі «Алматы» қонақүйінің аумағында және Hyundai Trans Auto автоқұрастыру кәсіпорнында коммерциялық техника бойынша Hyundai дилерлік конференциясы өтті.

<

Конференцияны «Астана Моторс» компаниясының атқарушы директоры Антон Афонин және Hyundai Motor Company компаниясының ТМД елдер бөлімінің үйлестіру директоры Роско Чо ашты.

Өзінің сөзінде Роско Чо мырза осы конференция ҚР аумағында Hyundai коммерциялық техникасын ілгерілетуіндегі біздің бірлескен мүдделеріміз мен ынталарымыздың түйісуін сезінуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті. «Соңғы кездері біз көріп отырған тұрақсыз экономикалық жағдайға қарамастан, мен HMC және «Астана Моторс» компаниясының, дистрибьютор мен дилерлердің бірлескен күштерінің арқасында біз табысқа және сатулардың таңқаларлық нәтижелеріне жетеміз деп шын көңілмен сенімін», — деді Чо мырза.«.

Конференция барысында өткен жылдың жұмыс қорытындылары шығарылып, ағымдағы және ендігі жылға тиімді дилерлік желіні дамыту үшін жаңа тапсырмалар анықталды. Осылайша, компанияның коммерциялық техниканың негізгі сегменттеріндегі нарық үлесінің өсуі байқалды. Жаңа H350 және HD36L модельдерін ілгерілету – 2017 жылға бизнестің келешегі аса зор бағыттарының бірі.

Негізгі екпін сатып алушыларға қызмет көрсету сапасына қойылатын болады. Осы мақсаттарды көздей отырып, компанияның жеткізушілері hyundaitrucks.kz домендік аты бар жаңа интернет сайтты әзірлеуде. Дилерлерге көптеген жаңа бағдарламалар (trade-in, лизинг өнімдері, «ҚДБ Лизинг» АҚ бағдарламасы бойынша қаржылық лизинг шарттары және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша қаражаттандыру), сондай-ақ үнемі маркетингтік қолдау ұсынылды.

Іс-шараның ресми бөлігі аяқталғаннан кейін дилерлік конференцияның барлық қатысушылары Hyundai Trans Auto зауытына барды, онда олар жаңа Hyundai H350 моделімен танысты.

2016 жылы бойынша дилерлік желінің жұмыс қорытындылары бойынша конференцияның аясында номинациялар бойынша үздіктерге салтанатты түрде марапаттар және сыйлық сертификаттары тарту етілді.

Үш ең үздіктердің арасынан мыналар ерекше атап өтілді: «2016 жылы Hyundai коммерциялық автомобильдерін сату бойынша ең үздік дилер» номинациясында Hyundai Ontustik; ең үздік бөлшек сауда менеджері ретінде Олжас Назарбек деп танылды; 2016 жылы Hyundai коммерциялық автомобильдерін корпоративтік сату бойынша ең үздік менеджер Алексей Терре болды.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша «2017 Конфедерация Кубогына жолдама ұтып ал» іс-шарасының аясында ең үздік сату менеджерлері және белсенді маркетологтар спортпен шұғылдану үшін тауарларды сатып алуға сыйлық сертификаттарын алды. «Маркетингтік бастама үшін» номинациясында «2017 Конфедерация Кубогына жолдама ұтып ал» жобасы Hyundai Auto Aktau компаниясының қызметкері Александр Ким марапатталды. «Hyundai коммерциялық автомобильдерінің ең үздік корпоративтік сатулары үшін» номинациясында Hyundai Auto Astana дилерлік орталығының қызметкері Совет Осипов марапатталды.

«Hyundai өтімсіз коммерциялық автомобилін сату үшін» номинациясында «Жайық Hyundai Motors» дилерлік орталығының менеджері Азамат Аманбаев таңдалды. «Hyundai коммерциялық автомобильдерінің бөлшектік сату көшбасшысы» номинациясында Әнуар Бәкенов марапатталды.

Конференция қатысушылары іс-шараның мазмұндық бөлігін де, тапсырмаларды тиімді шешу және жалпы бизнесті дамыту мақсатында сала кәсіпқойлар кездесуінің жылы және достық атмосферасын жасаған оның ұйымдастыруын да жоғары бағалады.