Дәстүрлі халықаралық Алматы Марафон өткен демалыс күндері 13 мыңнан астам жүгірушілерді және одан екі есе көп жанкүйерлерді жинады. Алдыңғы жылдарындағыдай бесінші мерейтойлық жүгірістің бас демеушісі Hyundai брендін ұсынған «Астана Моторс» компаниясы болды. Биыл, алдыңғы жылдардағыдай компания ірі спорттық оқиғаға қатысу үшін өзінің бірнеше командаларды қойды.
Экиден командасы «Астана Моторс» 04 сағ. 04 мин. 24 сек. нәтижесімен сөреге жетіп, командалық есепте бірінші орын алды.
1. Тапаев Ердос — 5 км
2. Жакин Серік — 7,142 км
3. Жақиянов Жалғас- 5 км
4. Әбдібекова Арай- 5 км
5. Рахматуллаев Әлімжан — 10 км
6. Құлатаева Назигүл — 10 км
Екінші команда Экиден Hyundai Champions, Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясының қызметкерлерімен ұсынылды және 04 сағ. 36 мин. 19 сек. нәтижесімен сөреге жетті.
1. Қалжанова Ләззат — 5 км
2. Омаров Ильдар – 10 км
3. Қозыбахов Айдар – 5км
4. Бейсемолдаев Ғани – 10 км
5. Әміров Ержан – 5 км
6. Исмұратов Данияр – 7 км 195
Өткен «Алматы Марафон» әрбір қатысушыға өзінің мүмкіндіктерін сынауға және өзінің жеке рекордтарын қоюға мүмкіншіліктерін сыйлады.
Марафоншылар, құттықтаймыз! Сіздер осыған жеттіңіздер!