72016 жылдың 7 қазанында Grand Erbil қонақүйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлау аясында Түрксіб ауданында «Көлік, логистика, қоймалау» тақырыбына «ТүкрсібИнвест 2016» алғашқы инвестициялық форумы өтті.

Форумға Алматы қаласының әкім орынбасары Е.М. Аукенов, Түрксіб ауданының әкімі В.Н. Устюгов, Алматы қаласының Жолаушылар көлігінің және автомобиль жолдарының басқарма басшысы М.П. Исахов, шетел инвесторлар, ауданның және Алматы қаласының ірі және орташа өнеркәсіптік кәсіпорындарының, қаржылық даму институттарының өкілдері, блогерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Форум қатысушылары үшін, соның ішінде «Астана Моторс» автоқұрастыру кәсіпорнының қуаттарында өндірілген Hyundai Trans Auto компаниясының автотехниканың көрмесі өтті. Компания Hyundai HD78 жүк көлігін және Hyundai County шағын класты автобусты ұсынды.

Hyundai HD78 – оның үздік маневрлігі оған жанданған жолдарында сенімді жүруге, тар көшелерде іскерлікпен бұрылуға және әрең жететін түсіру алаңдарына оңай келуге мүмкіндік береді. Hyundai HD 78 түйіндерінің және агрегаттарының ең жоғары сенімділігі -автомобильді ұзақ уақыт бойы қолдануға және сынып қалудан қорықпауға мүмкіндік береді. Қазақстанда жиналған, сенімді қозғалтқыш және мықты құрылым қарқынды қолдануға төзімділікпен қамтамасыз етеді және осы жүк көлігі үшін 5000 кг жүк көтеретін тиімді және ыңғайлы машинаның абыройын жасап үлгерді.

Hyundai County – заманауи қала үшін оңтайлы таңдау. Оның үйлесімді дизайны, кең сыйымды салоны (19-28 жолаушылар орын), үнемді дизель қозғалтқышы бар, ол қазақстандық жолдарға тамаша бейімделген. Шағын класты Hyundai County автобусы қалалық және қала маңындағы тасымалдауларға арналған. Қауіпсіз, сенімді, үнемді, ыңғайлы Hyundai автобустары қазақстандық жолдарды сенімді жаулап алуда.

Hyundai Trans Auto компаниясы өзінің клиенттеріне Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырып отырған жылына 3% жеңілдікті лизингтің мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүк көліктердің, автобустардың және арнайы техниканың кең модельдер қатарын ұсынуға қуанышты.

Жеңілдікті лизинг бағдарламасының тиімді шарттары туралы ақпаратты келесі мекенжай бойынша білуге болады: Алматы қ., Бұқтарма көш., 70, тел.: +7 (727) 321 05 04, моб.: +7 701 929 40 80 , +77019294071, +77019294079 , e-mail: amf@astana-motors.kz, www.mkamf.kz