5 және 9 қыркүйек аралығында Мәскеу қаласында ComTrans 2017 коммерциялық көлік көрмесі өтті, оған ҚР Hyundai коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы болып табылатын Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясы қатысты.

Көрменің аясында Hyundai компаниясы жүк көліктердің жаңартылған модельдер қатарын ұсынды – жаңа Mighty және ComTrans 2017 дәл ашылу күні әлемдік деңгейде тұсауы кесілген басты жаңалық – HD35City – аты шулы Porter ізін басушысы.

HD35C моделі үшін ұлғайған ішкі көлем, сындарлы эргономика, жоғарылау отырысы және жетілдірілген шолымдылығы тән. HD35City Сіздің қаладағы бизнестегі таптырмайтын көмекшісі болуға арналған. Дәл осы себептен оның HD35City (қысқартылып HD35C) аты бар.

Бұдан басқа, Hyundai өзінің алдына LCV сегментінде сенімді болу тапсырмасын қояды, осы үшін жаңа модель – H350 мінсіз жарайды, ол микроавтобус, фургон және шасси ретінде қол жетімді болады. 3500 килограмдық толық масса шектеуі жүргізуші куәлігіңізде тек «В» санатына ие бола тұра, Н350 фургонын басқаруға мүмкіндік береді. Бүкіл Hyundai H350 тұқымдастары таңдаумен 6-сатылы синхрондалған МБҚ ТО45S6 бірге, 150 немесе 170 а.к. қуатты, Euro 5 класты қатарлық 2,5-литрлік D4CB моторларымен жабдықталатын болады.

Сондай-ақ көрмеде кеңіне жайылған жүк көлігі HD78 үшін дайын бизнес-шешімдерінің көкейкесті модельдері де ұсынылған болатын. ComTrans 2017 көрмесінде автогидрокөтергіш және Food Truck жылжымалы сауда автокөлігі сияқты HD78 үшін қондырмалары да ұсынылды.

Food Truck – бұл мобильді кафе де, автодүкен де бола алатын бірегей автомобиль. Ол қаладағы тұрақты шағын сауда орындарын бөлшектеу беталысының арқасында, сондай-ақ елді мекендерде де, олардан тыс та болатын көпшілік іс-шаралар санының артуының арқасында пайда болды. Осы фургон тамақты дайындау мен жылыту, кеңістікті залалсыздандыру үшін барлық қажеттілермен, сондай-ақ 1,8 м3 сыйымды тоңазытқышымен, таза су багымен және 10 л элекржылытқышымен, тасымалды шығыршықты грильмен және кафетерий үшін басқа да жабдықтармен жабдықталған. Сонымен бірге, кассеталық биодәретхана және жуу жабдықтары да қол жетімді.

Hyundai Mighty – бұл тасымалдаушыларға тиімдірек салымдарды сала отырып, бірдей ыңғайлылық пен эргономикалылықты ұсынатын еуропалық және жапондық аналогтарына қызықты премиумдық балама.