2015 жылдың 25 қарашасында Hyundai HD170 жүк автомобилінің Қазақстанның батыс өңірінде жұмыс істейтін мұнай мен газ және басқа да компаниялар үшін тұру мен толық қызмет көрсету қызметтерін көрсететін «Caspian Offshore Construction Realty» компаниясына табысталуы өтті. COCR Каспий маңындағы өңірде жұмыс істейтін өзінің жергілікті және шетел клиенттері үшін банкеттік сервис, көліктік қызметтер, кеңселік жайларды жалдау қызметтерін көрсетеді.
HD170 жүк көлігі – тек үлкен жүк көтергіштікпен (10 тоннаға дейін) ғана емес, маневрлігімен де ерекше болатын ірі тоннажды жүк көлік. Көлік қызмет көрсетуінде қарапайым және жиі қымбат жөндеуді қажет етпейді. Изометриялық рефрижиратор фургоны бар HD170 азық-түліктерді тасымалдау мақсатында қолданылатын болады.
«Астана Моторс» ҚМК құрамындағы Hyundai Com Trans Kazakhstan Қазақстан аумағында Hyundai коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы болып табылады.
Осы жеткізілім екі тараптар үшін ұзақ мерзімді және табысты ынтымақтастықтың бастамасы болатынына сенім артамыз.