«Астана Моторс» компаниясы Ресейдегі Hyundai коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы «Hyundai Truck Siberia» ЖШҚ (Оралдың шығыс бөлігі мен Сібір) қолданыстағы келісімнің аясында 44 бірлік көлемінде Қазақстанда өндірілген жүк автомобильдерінің бірінші партиясын тиеді.

Осы келісімнің мақсаты — компаниялардың арасында ынтымақтастықты әрі қарай дамыту және тереңдету болып табылады. Шартқа сай тараптар Қазақстанда өндірілген Hyundai НD78 жүк көліктерінің бірінші партиясын Ресей Федерациясының аумағына тией бастады.

Осы шарттың ЕАЭО аясында Ресей мен Қазақстанның арасындағы сауда-экономикалық серіктестікті дамытуға және нығайтуға жағымды әсері бар, сонымен бірге «Астана Моторс» компаниясына Hyundai жүк көліктерін табысты экспорттап отырған өзінің автоқұрастыру кәсіпорнының экспорттық әлеуетін және өндірістік қуаттылығын ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2016 жылдың бірінші тоқсанында «Астана Моторс» компаниясы Қазақстанда шығарылған Hyundai жүк автокөліктерінің 190-нан аса бірлігін Ресейге экспорттауға және бұдан әрі осы көлемді өсіруге жоспарлап отыр.

«Астана Моторс» компаниясының автоқұрастыру кәсіпорнында өндірілген Hyundai коммерциялық техникасы бүгінгі күні 2 тоннадан бастап 20 тоннаға дейін жүк көтеретін, күрделілігі әр түрлі қондырмалары бар жүк көліктерінің кең модельдер қатарын, коммуналдық және мамандандырылған техниканы (жүк көліктер, борттық, фургондар, рефрижераторлар, қоқыс тасушылар, су тасушылар, манипуляторлар және т.с.с.), сондай-ақ Hyundai County жолаушылар автобустарын ұсынады. Техниканың барлығы барлық экологиялық және техникалық стандарттарға сәйкес келеді, сапа сертификаттарына ие және тұрмыстық-коммуналдық инфрақұрылым үшін де, шағын және орта бизнес үшін де баға мен сапа қатынасы бойынша оңтайлы ұсыныс болып табылады. Өндірістегі қазақстандық қамту үлесі бүгінгі күннің өзінде Қазақстанда өндірілген аспалы жабдықтарды (борттық шанақтар, рефрижераторлар, фургондар) дайындау мен қондырудың арқасында, сондай-ақ County автобустарының шанақтарын бояу мен дәнекерлеудің арқасында 50% құрайды.