«Астана Моторс» ҚМК және «Шин-Лайн» компаниясы Алматы қаласындағы автоқұрастыру кәсіпорнында өндірілген Hyundai HD78 базасындағы эвтектикалық рефрижераторларының 75 бірлігінен тұратын партияны жеткізуге шартқа қолдарын қойды.

Бүгінгі күні «Шин-Лайн» компаниясы – Қазақстандағы балмұздақты және пакеттегі сүтті өндіретін ең ірі кәсіпорындарының бірі. Ол еліміздің нарығында 12 жылдан астам жұмыс істеп келе жатыр. Компания «ҚДБ Лизинг» компаниясы қаржыландырып жатқан жылына 3% мөлшерлемесімен отандық автоөндірушілерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының аясында коммерциялық техниканы жеңілдікті лизингке рәсімдеген ең ірі клиенттердің бірі болды.

Сатып алынған Hyundai HD78 эвтектикалық фургондар -18°С – -25°С аралығында терең мұздатуды қажет ететін өнімдерді (балмұздақ, жартылай фабрикаттар және т.б.) тасымалдауға арналған. Белгіленген режимге шекті төмен жылу өткізгіштігі бар фургонның ерекше құрылымының және жүктеу-тиеу кезінде суықтың шығынын жылдам орнын толтыратын эвтектикалық плиталары бар тоңазыту қондырмасының арқасында жетіледі. Рефрижераторлық фургондардан басты ерекшелігі – шанақтың ішінде төмендеу температуралық режимді тұрақты түрде ұстап тұру болып табылады.

Қазіргі уақытта «Астана Моторс» компаниясының автоқұрастыру кәсіпорны толық циклді өндіруші болып табылады —осында шанақты дәнекерлейді, бояйды. Осы кәсіпорын – Қазақстан аумағында 2 тоннадан бастап 20 тоннаға дейін жүк көтеретін Hyundai коммерциялық техникасының кең модельдер қатарын өндіретін Алматыдағы жалғыз кәсіпорын. Hyundai кореялық маркалы заманауи техника өзін сапалы, сенімді, ұзақ және қызмет көрсетуде қарапайым (немесе қызмет көрсетуге үлкен талаптарды қоймайтын) ретінде танытты. Техниканың барлығы сервистік қолдаумен және 2 жылға немесе 50 000 км жүріске зауыттық кепілдікпен қамтамасыз етіледі.

Осы шарт «Астана Моторс» және «Шин-Лайн» арасындағы екі жақты қатынастардың негізін нығайтатын кезекті қадам болды. Әрі қарай компаниялардың өзара тиімді ынтымақтастығы бұдан да жағымды, әрі ұзақ мерзімді болатынына сенімдіміз.