17 маусымнан бастап 2 шілдеге дейін Санкт-Петербургте FIFA 2017 Конфедерациялар Кубогы өтті. Бүкіл континенттерден келген сегіз ең үздік құрамалар әлемдегі ең үздік команда атану құқығына таласты. Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясы арнайы науқанның жеңімпаздарын жойқын футбол мерекесіне қосылу үшін қуана жіберді.
Науқан «Конфедерациялар кубогы 2017» әлемдік демеушілігінің аясында өтті, онда 2017 жылдың 1 ақпаны мен 30 сәуірі аралығында Hyundai коммерциялық техникасын сатып алған әрбір клиент FIFA 2017 Конфедерациялар Кубогының матчына жолдамалар мен билеттер лотереялық ұтыс ойнының қатысушысы болды.
Науқан жеңімпаздары Санкт-Петербург қ. 2 шілдеде өткен финалдық матчты көре алды («Компания Фудмастер-Трейд» ЖШС, Туманов С.А. ЖК, «Atyrau Service Plus», «Сапсан» ЖШС және дистрибьютор компаниясының өкілі).
Арнайы билеттердің бақытты иегерлеріне Конфедерациялар Кубогының жанкүйерлер паспорттары (FAN ID) берілді. Осы паспорттар тек кубоктың матчына келуге ғана емес, сонымен бірге қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын пайдалануға да мүмкіндік берді. Жеңімпаздардың қалада болуы барынша ыңғайлы болды: олар үшін тегін шаттлдар жіберілді, метро жұмысының кестесі түзетілді, ал қала футболдық символикасы бар түстерге және композицияларға безендірілді. Әсерлі футбол матчына жағымды бонусы Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясы арнайы ұйымдастырған қалаға шолу экскурсиясы болды. Онда Ресейдің солтүстік астанасының барлық танымал орындары көрсетілді.