«Астана Моторс» құрамындағы Қазақстандағы Hyundai коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы Hyundai Com Trans Kazakhstan Сізді жаңа Н350 және HD35L модельдерінің тест-драйвына шақырады.

 

Практикалық тест-драйв автоспорттың халықаралық шебері Владимир Бородиннің басшылығымен өтеді. Автомобильдерді сынау үшін арнайы алаң дайындалатын болады және шұғыл бұрылыстар, жылдамдық, түрлі бөгеттер, динамикалық бағдарлама, тәжірибелі нұсқаушылар Hyundai жүк көліктерін басқаруынан жарқын көңіл-күйді және ұмытылмас әсерлерді сыйлайды.

Сіз жаңа модельдерді қозғалыста сынай аласыз және олардың бәсекелік артықшылықтарын бағалай аласыз. Ұзартылған дөңгелек базасының, ұзындау және мықтылау платформасының арқасында автомобильдің жүк көтергіштігі арта түсті, ал алдындағыларға қарағанда енді жүк салатын орын айтарлықтай көбейді.

Барлық негізгі бағыттарда еркін шолу алаңын арттырудың арқасында шолу мүмкіндігі бұдан да жетілдірілді. Тамаша эргономиканың арқасында басқару органдары және аспаптар қол астында орналасады және жүргізушінің жұмысын жеңілдетеді. Жетілдірілген рессоралармен, жаңа амортизаторлармен және көлденең тұрақтылықтың алдыңғы тұрақтандырғышымен ерекшеленетін алдыңғы аспаның жаңа құрылымының арқасында ыңғайлылық пен басқарушылық айтарлықтай жақсара түсті.

Автомобильдер «С» санатты жүргізуші куәлігін талап етпейді.
Өткізу күні: 02.11.2017 ж. Уақыт: 11.00.
Өткізу мекенжайы: Hyundai Trans Auto зауыты, Бұқтарма көш., 70